Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон сілемі әсер етеді, сондықтан аяз әлі де сақталады.
Қазақстанның қалған аумағында аяз басылады. 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елдің көп бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады және ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста боран болуы мүмкін.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кейде 20-30 градус аязға дейін жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!