Қарағанды облысында пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында 46 271 гектар көлемінде пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы учаскесі анықталған. Жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден асады.
"Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылғаны хабарланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Осылайша 20 млрд теңгеден аса сомадағы мүлік мемлекет меншігіне өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова