Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16 градус, күндіз -4...-6 градус.
30 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 2-7 м/с. Температура түнде -15...-17 градус, күндіз -5...-7 градус.
1 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -13...-15 градус, күндіз -4...-6 градус.
29 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Температура түнде +1...+3 градус, күндіз +15...+17 градус.
30 қараша: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 2-7 м/с. Температура түнде +3...+5 градус, күндіз +8...+10 градус.
1 желтоқсан: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Температура түнде +1...+3 градус, күндіз +5...+7 градус.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!