- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 13 өңірде...
13 өңірде ұн қымбаттады
Астық бағасы көтерілгендіктен, еліміздің 13 өңірінде ұн қымбаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Баға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Қарағанды, Жетісу облыстарында өскен. Мәселен, Жетісу облысында қазір ұнның келісі - 300 теңге. Ал кейбір сауда орындарында 50 келілік бір қап ұн 13-18 мың теңге аралығында.
Облыста тұрақтандыру қорында қазір 58 тонна ұн бар. Ұнның келісі әлеуметтік дүкендерде 170 теңгеден аспайды. Мұнан бөлек Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бес айға жететін ұн қорын, яғни 3500 мың тоннадан аса бидай сатып алу жөнінде жергілікті наубайханамен келісімшарт жасасқан. Әлеуметтік нан бағасы 110-140 теңге аралығында.
"Қолжетімді бірінші сұрыпты ұнның түрлері бар. Соны өсіп кетпеудің, өсіріп жібермеудің нақты шараларын қолданып жатырмыз. Яғни мониторинг жүргіземіз және анықталған кезде айыппұл салынады. Бірінші кезекте ескерту беріп жатырмыз", - дейді Жетісу облыстық сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова