1000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады

 1000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап, номиналы 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Банкноталардың түсі қоңыр-сарғылт. Алдыңғы бетінде:

  • Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
  • Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі.

Екінші бетінде:

  • тарихи суреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген.
  • ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Суреттер: nationalbank.kz

Бұл ақша Қазақстан аумағында қолданыла береді және банкке салуға да жарамды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget