Порталымыздың тұрақты оқырманы Абзал Сариевтің өтініші бойынша, ғарышқа алғаш ұшып, күллі адамзатты батылдығымен таң қалдырған Юрий Гагарин жайлы әңгімелемекпіз.
Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды.
Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң, алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.
Ю.А. Гагарин мен ғарыш кемесінің конструкторы С.П. Королев. Байқоңыр, 12 қазан, 1964 жыл.
1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майор атағы берілді. Жерге орала салысымен, оны сән-салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды. Кейін Чехословакия, Болгария, Финляндия, Англия секілді мемлекеттерге саяхат жасап, көрген-білгендерімен бөлісіп, ел-жұртты аралады.
Бөлінбелі аппарат. Гагарин осы аппараттың ішінде отырып, атмосфера қабатына түскен еді
Кейінірек «Союз-1» кемесінде Владимир Комаровтың дублері болды.
1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.
сурет: sarahfobes.com, hrono.ru