Қоғамның қоғам болып ұйып отыруының басты шарты жұрттың бір-бірін құрмет тұтуына келіп тірелетін шығар. Ал халықты бір ойдың, идеяның астына біріктіріп отыратын тұлға әр заманда қажет.
Бүгін назарларыңызға бір ұлт түгілі, бүкіл адамзатты аузына қаратқан данышпандардың тәрбие туралы айтқан ой-толғаныстарын ұсынамыз.
1 Дұрыс тәрбие ала алмаған адамды қайта тәрбиелеу көп күш пен жігерді талап етеді. Я.Коменский
2 Жақсы тәрбие беру балаға тамақты шашпай ішуге үйретуде емес, дастарханға асын төгіп алған адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, оны елемеуге баулуда. А.Чехов
3 Біреудің тәрбиесіздігін бетіне басып, шу көтерген адамның, әлбетте, өзі де оңып тұрған жоқ. Г.Ю.Цезарь
4 Ұлыңызға адамшылық қағидаларын үйретпей, құр білім берер болсаңыз, қоғамға қауіпті аң тәрбиелеп шығасыз. Т.Рузвельт
5 Қоғамның өркендеуі әр отбасындағы тәрбиеге байланысты. Джон Локк
6 Адамды Жаратушы жасап шығады. Бірақ оны дамытатын, не кері кетіретін тек қана қоғам. В.Г.Белинский
7 Балаңызды құр тиымдармен тәрбиелегеннен гөрі, жақсылықты көрсетіп, соған ынтықтыру арқылы жолға қойыңыз. Жан Жак Руссо
8 Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді. Сенека
9 Өзің істемейтін нәрсені, өзгеге таңба. ***
10 Ұрпағына жақсы тәрбие бергісі келетін адам өзін дамытып, өркенетсін. А.И.Острогорский
11 Баламызды алдымыз өзіміз үйретіп, жолға қоямыз. Жасымыз ұлғайғасын, ұлдарымыздан кейбір нәрселерді үйрене бастаймыз. Я.Райнис
12 Ата-ананы дүниеге әкелетін - сәби. С.Ежи Лец
13 Әр адамның қалыптасуына екі түрлі тәрбие әсер етеді. Біріншісі, қоғамның, айналаның, ата-анасының берген тәрбиесі, екіншісі және ең маңыздысы - әркімнің өз-өзіне беретін тәрбиесі. Э.Гиббон
14 Біреуге жол көрсету өзіңді тәрбиелеуден де қиын. М.Монтень
15 Әр тәрбие беруші өзінің бала кезін әрқашан есінде ұстап жүрсін. М.Эбнер-Эшенбах
16 Таза жүректі сәбилер сіздің қаталдығыңыздан қорқып, жиіркенбейді. Олардың көңілін қалдыратын жалғыз нәрсе - жалған ниет бен өтірік сөз. Л.Н.Толстой
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: zastavki.com