- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Цицеронның қанатты сөздері...
Цицеронның қанатты сөздері
Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Рим империясының әйгілі шешені, қоғам қайраткері Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Күмәндану арқылы шындыққа жет.
- Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
- Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.
- Қолыңнан келсе, істе!
- Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
- Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
- Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек.
- Сананы тұрмыс билейді.
- Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
- Жазу өнері шешендікке баулиды.
- Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
- Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
- Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр қылады.
- Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
- Тура биде туған жоқ.
- Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан айырмашылығы қалмайды.
- Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.
- Адамзат баласының арасындағы бауырмалдық пен достықты сақтап тұруға тырысу әркімнің парызы.
сурет: nnm.ru