Танымал кісілердің визиткалары

Танымал кісілердің визиткалары

Сәтті болу үшін танымал, сәтті, бай кісілердің өмірлерімен танысып, солардан үлгі алу керек деседі. Олардың өмірлік оқиғалары, сәттілікке жету жолдары, тұрмыс-тіршілігі баршамызды қызықтырады. Тіпті бұл дарынды кісілердің визиткалары ерекше, қожайындарына сай болады.

Марк Цукерберг

Әлемдегі ең жас, сәтті кісілердің бірі. Facebook қоғамдық желінің басшылығында отырған Марктың визиткасында мынандай батыл сөздер жазылған.

Әлемдегі ең бай инвесторлардың бірі Уоррена Баффеттің кадрлар жөніндегі ассистентінің визиткасында еш телефон нөмірі жоқ. Оның орнына "Сіз маған қоңырау шалмайсыз. Мен өзім сізге қоңырау шалам" деген сөздер бар. Бұл жерде "сәтіңіз түссе" деген сөздер жетіспей тұрған сияқты.

Стив Джобс

Apple-дің вице президенті болған кездегі Стив Джобстың визиткасының сонау 1979 жылғы түрі.

Angry Birds басшылығы

Танымал виртуалды ойын әлемінде қызмет атқаратын кісіге ақ-қара түсті визитка не үшін қажет? Одан да өзіңді сол Angry Birds-ті бағындыра алған бүркіт ретінде неге көрсетпеске? 
 
Google бастаған адамдардың бірі Лоуренс Пейдждің визиткасы сайттың стиліне дәл келеді. 

Билл Гейтс

Microsoft-тің басшысы Билл Гейтстің визиткасы үлкен компанияның бастығының деңгейіне сай емес сияқты.

      

 

Миллиардер Дональд Трамптың визиткасы алтынмен жаланған сияқты. Әрине казино мен қонақ үйлердің иесінің визиткасының деңгейі төмен болмауы керек.

       

Ал егер сіз сәтті, бай болсаңыз, визиткаңыз қандай болар еді?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А