Табындырған Элвис Пресли

Поптың королі ретінде көпшілікке танымал Элвис Пресли 1935 жылдың 8 қаңтарында дүниеге келген. Туған жері Миссисипи штатындағы Тьюпело қаласы. Отбасында жалғыз бала болған деп айтылып жүрсе де, шетінеп кеткен бір інісінің болғандығын ескерте кетелік. 

Жалпы алғанда Элвис кедей отбасында дүниеге келді. Үш жасында әкесінің екі жылға сотталуы отбасының басындағы қиыншылықты одан әрі арттыра түсті. Дегенмен Элвистың анасының көрегенділігі мен адамгершілігін айтпай кетуге болмайды. Баласын үлкенді құрметтеу мен мәдениеттілікке баулыған анасы, көп ұзамай баласының жеткен жетістіктерінің куәсі болады. 

Элвис он бір жасқа келгенде ата-анасы оған гитара сыйлайды. Баланың өміріндегі ең шешуші сәт осы болса керек. Неге десеңіздер, екі-үш айдан соң, Элвис жергілікті жәрмеңкеде өнер көрсетіп, музыкант ретіндегі болашағының бар екендігін көрсетті.

1948 жылы Пресли отбасы Мемфис қаласына көшіп келеді. Бұған түрткі болған материалдық жағдайдың тым нашарлығы еді. Ата-анасы табыс тауып, зыр жүгіріп жүргенде, жас музыкант блюзге ерекше елітіп, шынайы түрде музыкамен айналыса бастады. 1953 мектептегі оқуын бітіреді. Бітіре сала, алғаш рет музыкалық студияда әндерін жаздырып та көреді. Тіпті клубтар мен мәдениет сарайларында өнер көрсетіп, концерт те беріп жүрді. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yoH367Dg4YY&feature","width":"425","height":"350"});

Элвис Пресли. Сенің арқаңда тауды бағындырдым

Осылайша Преслді 1954 жылы Sun Records студиясына ән жазуға шақырады. Жас талант Скотт Мур, Билл Блек секілді музыканттармен бірге жұмыс жасайды. Ескі әндерді жаңа сипатта орындауды мақсат қылған олар жұмысты сәтті аяқтап шықты. 

Осыдан кейін, олардың әндері халық арасында хитке айналып, үшеуі талмай ел-жерді аралап концерт беруден жалықпады. 

1956 жылы оның синглдері миллиондаған тиражбен сатыла басталды. Талант телеэфирден де түспейтін еді. 

Дегенмен, 1958 жылы оны әскерге шақырады. Президентке дейін хат жазып, қанша жалынса да бұл әрекетінен ештеңе шықпай, Пресли ақыры азаматтық парызын өтеуге аттанды.

Музыкант әскерден оралған соң, өнер жолына қайта кірісті. 1968 жылдың 3 желтоқсанындағы телеэфирден көрсеткен өнері оның абыройының шарықтау шыңы болатын. Ол 1979 жылға дейін шамамен 1100-ге жуық концерт берген екен. 

Пресли 1977 жылы дәріні көп мөлшерде қолданғанының себебінен дүние салды. Оның сапалы музыкалары әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпай, поп-мәдениеттің ең танымал тұлғаларының бірі ретінде аталып жүр.

сурет: hotwalls.ru