Американың Кеннеди аэропортында атақты бір компанияның белді журналисі төмендегі сұрақ бойынша жолаушылардан сауал алыпты:"Сіздің пікіріңіз бойынша, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе не?". Адамдар әртүрлі жауап беріпті: соғыс, кедейлік, сатқындық, ауру...
Осы уақытта залда дзэндік идеямен өмірін бір арнаға түсірген Сунг Сан есімді монах отырыпты. Буддалық киім үлгісінен-ақ жақсы ой алмаққа бекінген журналист Сугн Саннан жалықпай айта беретін жалғыз сұрағын ортаға салады. Алайда, қарсы сұрақты монах бірінші болып қояды:
- Сіз кімсіз?
- Мен - Джон Смит.
- Жоқ, бұл сіздің есіміңіз, сіз кімсіз?
- Мен белгілі бір компанияның телерепортёрімін...
- Жоқ. Бұл - мамандық, шынында сіз кімсіз?
- Ақырына келгенде, мен - адаммын!
- Жоқ, бұл да сіздің биологиялық түріңіз, сонда сіз кімсіз?..
Телерепортёр монахтың не айтқысы келгенін сонда барып қана түсініп, аузы ашылған күйі аңтарылып қалған. Бұны байқаған монах: "Міне, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе осы - өзіңнің кім екеніңді білмеу" - деп тіл қатыпты.
Сурет:liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт