Сіздің пікіріңіз бойынша, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе не?

Сіздің пікіріңіз бойынша, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе не?

Американың Кеннеди аэропортында атақты бір компанияның белді журналисі төмендегі сұрақ бойынша жолаушылардан сауал алыпты:"Сіздің пікіріңіз бойынша, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе не?". Адамдар әртүрлі жауап беріпті: соғыс, кедейлік, сатқындық, ауру...

Осы уақытта залда дзэндік идеямен өмірін бір арнаға түсірген Сунг Сан есімді монах отырыпты. Буддалық киім үлгісінен-ақ жақсы ой алмаққа бекінген журналист Сугн Саннан жалықпай айта беретін жалғыз сұрағын ортаға салады. Алайда, қарсы сұрақты монах бірінші болып қояды:

- Сіз кімсіз?

- Мен - Джон Смит.

- Жоқ, бұл сіздің есіміңіз, сіз кімсіз?

- Мен белгілі бір компанияның телерепортёрімін...

- Жоқ. Бұл - мамандық, шынында сіз кімсіз?  

- Ақырына келгенде, мен - адаммын!

- Жоқ, бұл да сіздің биологиялық түріңіз, сонда сіз кімсіз?..

Телерепортёр монахтың не айтқысы келгенін сонда барып қана түсініп, аузы ашылған күйі аңтарылып қалған. Бұны байқаған монах: "Міне, дүниедегі ең жеккөрінішті нәрсе осы - өзіңнің кім екеніңді білмеу" - деп тіл қатыпты. 

Сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига