Шындық тілі әрдайым қарапайым

Әр адамның шындық туралы түсінігі әр түрлі болуы мүмкін. Бірі жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде шындықты айптауға да болады деген пікірді ұстанса, енді бір адам өліп кетсең де, шындықты айт деген оймен жүріп-тұрады.

Осы орайда ардақты массагеттіктерге осы тақырапта сөйлеген адамзат ойшылдарының кейбір қызықты пікірлерін ұсынамыз.

 



  1       Шындық ащы болса да, адалдыққа бастайды. Белгісіз автор 



  2       Шындықты мойындамай кері кеткен адам тек өзіне зиян келтіреді. Бұдан ақиқаттың бағасы кеміп қалмайды. Галилей 



  3       Шындық - ащы болса да денсаулығымызға оң әсерін тигізетін дәрі іспетті. Оноре де Бальзак 



  4       Естігің келген нәрсені ғана естіп, көргің келген нәрсені ғана көріп өмір сүру шылым шегіп алып, мас болып сүрілген өмірге ұқсайды. Хун Цзычeн 



  5       Шындық асыл тас секілді. Оны көркемдеп, күш салмасақ та, жарқырап, жайнап тұрады. Бірақ оны жұрттың көзіне көрінетін, ашық жерге қоя білу асыл тасты тағу секілді үлкен өнер. Д.Сантаяна 



  6       Қоғамның бүлінгенінің басты белгісі - шындықтың жоғалуы. Кез келген жақсылықтың түбінде шыншылдық жатады. М.Монтень 



  7       Адамның шыншылдығының дәрежесі арқылы оның ұжданына баға беруге болады. Л.Н.Толстой 



  8       Өтірікті шындай қылып, қулықпен өмір сүрген адамнан гөрі шыншылдықпен сүрілген өмір қызығырақ. К.Антарова 



  9       Шындықтың тілі әрдайым қарапайым. Сенека 



10       Шындықтың белгісі - қарапайымдылық пен оңайлық. Өтірік сөз әрқашан күрделі, әрі бұлдыр,бұлыңғыр болады. Л.Н.Толстой 



11       Шын сөйле. Сонда ештеңені есте сақтап жүруге мәжбүр болмайсың Марк Твен 



12       Өтірік сөз ақшақар секілді. Оны дөңгелеткен сайын үлкейе береді. М.Лютер 



13       Жалған сөз дәл сол уақытта пайда келтірсе де, уақыттың өтуімен түбімізге жететін сол өтірік. Д.Дидро 



14       Өзгемен шыншыл болып, шын көңілмен қарым-қатынас жасамайтын адам, уақыттың өтуімен өзін де сыйлаудан қалады. Ф.Ларошфуко 



15       Өтірік айтуға мәжбүр болмайтын адам еркін болады. А.Камю 

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zastavki.com