Ішіңде не бар?

Ішіңде не бар?

Бұған дейін де адам бойындағы түрлі сезімдер туралы ардақты оқырмандармен әңгіме-дүкен құрып келгенбіз. Бүгін осы тақырыпқа ат басын қайта тірегелі отырмыз.

Қоғаммен бірге өмір сүріп, көпшілікпен гармонияда өмір сүруді қалайтын кез келген жан ішкі сезімдерін зерттеп, қызығып білуге тырысуы керек деп ойлаймыз. Осы орайда планета ойшылдарының толғамдарын оқи отырыңыз...




  1       Өз сезімдерінің қайдан шығып, қалай пайда болып жатқандығын анық сезіп және соларды басқара алатын адамды дана деп айтсақ әбден жарасады. Мишель де Монтень 




  2       Өміріміздің ретсіздігінің себебі - түсініксіз сезімімдеріміздің құлы болып жүргендігімізде. Станислав Лещинский




  3       Іске шын қызығушылық пен оған деген мхаббат пайда болмайынша, құр ерік сізді орныңыздан тұрғыза алмайды. Константин Сергеевич Станиславский




  4       Көп адамның табиғаты сол - өзіне пайдасы болмаса да тиым салынған нәрсеге жүгіруге бейім тұрады. Янина Ипохорская 




  5       Әрдайым өкпе айтып, көз жасын көл қылып жүретін адамдар да бар. Бірақ өкпе-наз адамды қиындықтан бір мысқалға болса да алыстатпайды. П.Кальдерон 




  6       Әркім әлемге өзінің биігінен көз салып, талдау жасайды. Александр Дюма 




  7       Біздің бақытты болуымыз не болмауымыз ішкі жан-дүниеміз бен сезімдерімізге тікелей байланысты. Оноре де Бальзак 




  8        Әр адам бір іске кіріспес бұрын ол ой миында ұзақ уақыт бойы жүріп, бойына әбден сіңеді. Идеялар осылайша миымызда үлкен өңдеуден кейін ғана өз жемісін бере бастайды. Гюстав Лебон




  9       Қиындықтар мен проблемалар адамның өркендеп, дамуына себепші. А.Эйнштейн 




10       Әйел адам жалғыздық пен достықтың ләззатын тек тұрмысқа шыққаннан кейін ғана толық сезіне алады.  Хелен Роуленд 




11       Әлемді, адам баласын тану таң қалудан басталады. Аристотель 




12       Өзіңіздің денсаулығыңыздың қандай деңгейде екендігін білгіңіз келсе өз сезімдеріңізді зерттеп көріңіз. Әр таң сайын кеудеңіз қуанышқа толы болса, әлемде сізден асқан дені сау адам жоқ. Генри Дэвид Торо




13       Көп адам өзіне жасалған жақсылықтан гөрі, көрген жамандығын ұзағырақ есінде сақтайды. Мені сол қапаландырады... Пьер Буаст 




14       Жалғыз қалғанда әр адам өз ішіне назар салып, ненің жетегінде жүргендігін анық байқап біле алады. Джордж Гордон Байрон 


 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: setitagila.ru