CEO (Chief Executive Officer, қазақша баламасы "бас атқарушы директор" компананияның жоғарғы лауазымды тұлғасы. Компания немесе корпорацияның жалпы стратегиясын анықтап, жоғарғы деңгейде шешімдер қабылдап, уәкілдік міндеттер атқарады. Директорлар кеңесі немесе акционерлер тарапынан тағайындалады) саласында табысқа жеткен тұлғалар аз емес. Ең бастысы әлемге әйгілі осы тұлғалардың дені - жастар. Бар болғаны отызға жетпеген жасында әлемдік ірі компаниялардың тізгінін ұстаған миллиардерлермен таныс бола отырыңыз.
Larry Page 39 жас
Компаниясы: Google
Стэнфорд университетінен докторлық атақ алған Ларри Пейдж 1973 жылы Американың Мичиган штатында туылған. Ол 1998 жылы докторантурада оқып жүрген кезінде интернет саласындағы «іздеу» программасын жасап шыққан. Бұл кезде ол бар болғаны 25 жаста ғана болатын. Алғашқы мезгілде BackRub деп аталған бұл интернет желісіндегі «іздеу» құрылғысы дами келе әлемге әйгілі Google-ға өзгерді. Ал қазір әлемге танымал бұл компанияны көзіқарақты адамзат баласына таныстырудың өзі артықтау. Қазір 39 жастағы Ларри Пейдждің экономикалық қаржысы 25 миллиард 747 миллион АҚШ доллары.
Mark Zuckerberg 28 жас
Компаниясы: Facebook
Марк Цукерберг 1984 жылы Американың Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Экономистер мен әйгілі сарапшылар оны «СЕО саласындағы ең жас тұлға әрі ең ұлы жоспарды атқарушы» деп бағалайды. Бар болғаны 28 жастағы бұл азамат әлемге әйгілі Facebook желісінің авторы және атаулы компанияның құрушысы. Қазіргі экономикалық қаржысы 6 миллиард 582 миллион АҚШ доллары.
Marissa Mayer 37 жас
Компаниясы: Yahoo
Марисса Майер 1975 жылы туылған. Әйгілі Yahoo компаниясының форбс құқығына ие болған әйел. Сондай-ақ СЕО саласындағы бірден-бір үлгілі әйел. Ең алғаш Google-дің құрылыс инженерлігінен бастап, бөлім меңгерушісі және жобалаушы қатарлы міндеттерді атқарған. Ақыры Yahoo компаниясының басқарушысы болған. Енді ғана 37 жасқа келген Марисса Майердің экономикалық қаржысы 2 миллиард 515 миллион АҚШ доллары.
Kevin Plank 40 жас.
Компаниясы: Under Armour
Кевин Планк әйгілі Under Armour компаниясының құрушысы. 1972 жылы туылған. Экономистер «Тыңнан түрен салушы» деп бағалайтын бұл азаматтың жалпы экономикалық қаржысы 514 миллион АҚШ доллары.
Andrew Mason 32 жас
Компаниясы: Groupon
Эндрю Мэйсон 1980 жылы туылған. Әлемге әйгілі Groupon компаниясының құрушысы. Интернет саласындағы ең ірі сауда торын қалыптастырған азамат. Экономикалық қаржысы 365 миллион АҚШ доллары.
Edward Rosenfeld 37 жас
Компаниясы: Steve Madden
Эдвард Розенфельд 1975 жылы туылған. Steve Madden компаниясының құрушысы. Экономикалық қаржысы 210 миллион АҚШ доллары.
Mariner Kemper 40 жас
Компаниясы: UMB
Маринер Кемпер 1972 жылы туылған. UMB компаниясының құрушысы. Экономикалық қаржысы 185 миллион АҚШ доллары.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: kansascity.com, baidu.com