- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Румидің нақыл сөздері...
Румидің нақыл сөздері
Массагет оқырмандарын осы күнге дейін планетамызға әйгілі адамдардың нақыл сөздерімен таныстырып келгенбіз. Сол дәстүрдің жалғасын үзбей, бүгін назарларыңызға 13 ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл ақын Мәулана Румидің насихатын ұсынамыз. 17 желтоқсан ақынның өмірден өткен күні екен.
- Тірі кезіңде өл, өлместен бұрын тіріл.
- Біреудің сөзін қайталау түсінгендіктің белгісі емес.
- Достыққа дұшпандық қылғандар адам оңбас.
- Ақылды адамдармен дос болыңыздар. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да қауіптірек екенін біліңіз.
- Өлген соң мені молалардан іздемеңіздер, ғалымдардың жүрегінен іздеңіздер.
- Өз жаныңыздың бар мүмкіндіктерін бағалап, қадіріне жетуге тырысыңыздар.
- Ғылымды сөз арқылы үйренсек, өнерді тәжірибе арқылы игереміз.
- Кейбір нәрсе қарапайым адамға мыс болып көрінгенімен, қадіріне жететін адам оның алтын екендігін біледі.
- Бұл әлем құдды тау сияқты. Біздің істеген істеріміз сол тау арасындағы айқайға ұқсайды. Ал содан шығатын жаңғырық біздің ісіміздің қайтарымы іспетті.
- Адам баласының көңіл-күйі өзгергіш болады. Дегенмен жұртшылық ол сезімдерін өзі басқара алмайды. Егер адам баласы өз өзгерісінің себебін анық біле алмаса, қалайша өзін-өзі танымақ?
- Мысалы он адам бір үйге кіруге талпыныс жасаса, оның тоғызы ғана мақсатына жете алуы мүмкін. Қалған бір адам "тағдыр солай" деп, қол қусырмай, өз кемшіліктерін іздегені жөн.
- Ғылымды үйрету үшін алдымен соны түсінетін орта керек. Қанша ақылды сөздер айтылғанымен, ол сөз жетім қалса, одан не пайда?
- Құлақ, ауыз, мұрын секілді фигуралар бірігіп адамды құрайды деп айтып жүрміз. Олай болса, сол фигуралар ескерткіште де бар ғой...
- Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. Сонда қазынаға тап боларсың.
- Адам баласының тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ. Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер.
- Жаңа нәрсеге қол жеткізгің келсе, пайдасыз ескі нәрселерден құтыл.
- Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.
- Ақылсыз адам қайғысын тілінің кесірінен жиып алады.
- Қайғыға тап болсаңыз, пайдасыз балағаттаудың орнына одан шығудың жолын іздеңіз.
- Отбасындағы ер мен әйел тең дәрежеде қарым-қатынаста болуы керек.