Массагеттіктерге планетамыздың мақтаныштары айтып кеткен насихаттарды ұсынамыз. Бұл жолғы әңгіме-дүкен адамның өзіне деген қарым-қатынасы туралы болмақ.
Ақылсыз адамдар сәттілікке сенеді, ақылдылар өзіне сенеді. А.Даниэль-Брюне Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады. Л.Фейербах
Адамның ерік-жігері басымызға жазылған тағдырды да өзгерте алады. Ж.Кокто
Өзіңді біреуге сыйлы еткің келсе, алдымен өз-өзіңді сыйлай біл. Грасиан-и-Моралес Өзін құрметтейтін адам өзгеге де құрметті болады. Л.Вовенарг Өзің туралы не ойлайтын болсаң, сол айтқаның келеді. Өзіңді жігерсіз, жасық деп есептесең, сол айтқаның айнадай келеді. Ел аузынан Өзіңізді өзгеден төмен деп есептер болсаңыз, өз атыңызды қара тізімге өзіңіз енгізіңіз. В.Зеланд Өзіңіздің төл табиғатыңызға өзіңіз сүйсініп, махаббатпен қабылдар болсаңыз, өзгелердің сізбен келіспеуге шарасы болмайды. В.Зеланд
Өзіңізге бойыңыздағы жақсы қасиеттерді көрсетіңіз. Өзіңізді қалай көргіңіз келсе, жаратылысыңызды дәл солай қабылдай біліңіз. Сонда өзгелер де сізді дәл солай қабылдайтын болады. В.Зеланд Өзіңізге деген құрметсіздіктің тигізетін зияны, өзімшілдіктен келетін зияннан да асып түседі. М.Монтень Адамға ең керегі - өзіне деген сенімділік пен жігер. Жасықтық адамды құлдыратқан үстіне құлдырата түседі. Н.Рерих
Жердің әр түкпіріндегі әр адам немен айналысып жүргендігіне қарамастан, планетамыздың тарихына әсер етіп жүр. Пауло Коэльо Сен бұл әлемде ет пен сүйектен құралған түкке тұрғысыз дене боларсың. Бірақ кейбіреуге бүкіл әлемнен де қымбат адам екендігіңді ұмытпа. Г.Маркес Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Тек бұл туралы сізге ешкім айтып үлгермеген ғой. В.Зеланд Өзінен көп үміт күтетін адам ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. В.Гумбольдт Өзіңізге деген сенімсіздік - сәтсіздіктердің негізгі себепшісі. К.Боуви
Құдай оған сенгендерден гөрі өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады. Г.Матюшов Өзіңе сенші. Сол кезде өмірді қалай сүру керек екендігін бірден ұғасың. И.В.Гёте Сізден ешкім үміт күтпесе де, өз-өзіне сене білген адам - ер. Х. Маккей Өзіне сенбеген адам өзгеге де сенбейді. Ф. Ларошфуко Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бір жүруден сақтаныңыз. Өзіне сене білген адам ғана ұлы істерге баратындығын ұмытпыңыз. Марк Твен
сурет: topgfx.info