- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Өзіңе сене біл...
Өзіңе сене біл
Массагеттіктерге планетамыздың мақтаныштары айтып кеткен насихаттарды ұсынамыз. Бұл жолғы әңгіме-дүкен адамның өзіне деген қарым-қатынасы туралы болмақ.
- Ақылсыз адамдар сәттілікке сенеді, ақылдылар өзіне сенеді. А.Даниэль-Брюне
- Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады. Л.Фейербах
- Адамның ерік-жігері басымызға жазылған тағдырды да өзгерте алады. Ж.Кокто
- Өзіңді біреуге сыйлы еткің келсе, алдымен өз-өзіңді сыйлай біл. Грасиан-и-Моралес
- Өзін құрметтейтін адам өзгеге де құрметті болады. Л.Вовенарг
- Өзің туралы не ойлайтын болсаң, сол айтқаның келеді. Өзіңді жігерсіз, жасық деп есептесең, сол айтқаның айнадай келеді. Ел аузынан
- Өзіңізді өзгеден төмен деп есептер болсаңыз, өз атыңызды қара тізімге өзіңіз енгізіңіз. В.Зеланд
- Өзіңіздің төл табиғатыңызға өзіңіз сүйсініп, махаббатпен қабылдар болсаңыз, өзгелердің сізбен келіспеуге шарасы болмайды. В.Зеланд
- Өзіңізге бойыңыздағы жақсы қасиеттерді көрсетіңіз. Өзіңізді қалай көргіңіз келсе, жаратылысыңызды дәл солай қабылдай біліңіз. Сонда өзгелер де сізді дәл солай қабылдайтын болады. В.Зеланд
- Өзіңізге деген құрметсіздіктің тигізетін зияны, өзімшілдіктен келетін зияннан да асып түседі. М.Монтень
- Адамға ең керегі - өзіне деген сенімділік пен жігер. Жасықтық адамды құлдыратқан үстіне құлдырата түседі. Н.Рерих
- Жердің әр түкпіріндегі әр адам немен айналысып жүргендігіне қарамастан, планетамыздың тарихына әсер етіп жүр. Пауло Коэльо
- Сен бұл әлемде ет пен сүйектен құралған түкке тұрғысыз дене боларсың. Бірақ кейбіреуге бүкіл әлемнен де қымбат адам екендігіңді ұмытпа. Г.Маркес
- Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Тек бұл туралы сізге ешкім айтып үлгермеген ғой. В.Зеланд
- Өзінен көп үміт күтетін адам ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. В.Гумбольдт
- Өзіңізге деген сенімсіздік - сәтсіздіктердің негізгі себепшісі. К.Боуви
- Құдай оған сенгендерден гөрі өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады. Г.Матюшов
- Өзіңе сенші. Сол кезде өмірді қалай сүру керек екендігін бірден ұғасың. И.В.Гёте
- Сізден ешкім үміт күтпесе де, өз-өзіне сене білген адам - ер. Х. Маккей
- Өзіне сенбеген адам өзгеге де сенбейді. Ф. Ларошфуко
- Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бір жүруден сақтаныңыз. Өзіне сене білген адам ғана ұлы істерге баратындығын ұмытпыңыз. Марк Твен
сурет: topgfx.info