Өмірден үмітін үзбеген жандар

Олимпиада ойындарына қатысқан көзі көрмейтін бірінші спортшы

9 жас кезінде Марле Ранян Штаргардта ауруына шалдығып, 1987 жылы Сан Диего мемлекеттік университетіне оқуға түседі және сол жерде жүріп, алғаш рет спорт іс-шараларына қатыса бастайды. 1992 жылғы жазғы Параолимпиада ойындарында 4 алтын медаль және 1996 жылы Атлантада өткен Параолимпиада ойындарында ядро лақтырудан күміс медаль, бес жарыстан алтын медаль иеленеді.

Марленің толықтай дені сау адамдарға арналған жарыстарда әлемдік деңгейдегі желаяқ ретіндегі мансабы 1999 жылы Панамерикандық ойындарда басталды. Аталған жарыста соқыр қыз 1500 метрлік қашықтықты жеңіп алды. Келесі жылы, яғни Сиднейде өткен Олмпиада ойындарында 1500 метрлік қашықтыққа жүгіруде 8-орынды иеленді. Осылайша Ранян Олимпиада ойындарына қатысқан тұғыш соқыр спортшы болды.

Көзі көрмейтін суретші

Джон Брамблитт эпилепсия салдарынан 2001 жылы көрмей қалған. Джонның айтуынша, алғашында үміті үзіліп, қатты депрессияда болған, бірақ сосын шешімін тауыпты: көркем өнер.  Джон көре алмағандықтан, сипау арқылы сурет салуға болатын әдіс тапқан.  Суретшінің айтуынша, ол түстерді басқаша сезеді: ақ түс оған тығыз болып сезілсе, қара түс сұйықтау, ал сұр түс керек болған жағдайда екі түсті араластырады екен. Джонның туындылары әлемнің 20-дан астам елінде сатылып, халықаралық деңгейде басылып шыққан. Оның еңбектері жоғары бағаланды. Соның ішінде YouTube берген «2008 жылдың жігерлендіруші видеосы» мен үш президенттік марапат бар. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/8P84bfFpVWE?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});

Көзі көрмейтін NASCAR жүргізушісі

2011 жылдың 29 қаңтарында Марк Энтони Риккобоно Ford Escape көлігінің рөліне отырып, Дайтондағы халықаралық жарыс трегімен өз бетінше бір айналым жасап шықты. Мұның еш таң қаларлығы жоқ әрине, бірақ соқыр адамға бұл үлкен жетістік.

Марк өзінің осы бір жетістігін екі технологияның көмегінің арқасында жасай алды. Бірі екі қолғаптан тұратын «DriveGrip» (бұл технология қолға діріл жіберу арқылы дөңгелекті қаншалықты бұру керектігін  көрсетеді) болса, енді бірі «SpeedStrip» деген жүргізушінің арқасы мен аяғындағы жастықтар жылдамдықты қаншалықты арттыру керектігін көрсетеді. 

Көзі көрмейтін шеф-аспазшы

Аспазшылар көбіне өздерінің дәм сезу түйсіктерінің көмегіне сенім артып жатады. 2012 жылғы «MasterChef» телевизиондық шоуының жеңімпазы Кристина Ханың көзі көрмейді. 2004 жылы оған көру жүйкесінің нейромиелиті деген диагноз қойылды және ол біртіндеп көру мүмкіндігінен айырыла бастады.

Өмірінде ешқашан тамақ дайындау технологиясын меңгермегенімен, оның блогы өте танымал. Ол: «Ас мәзірлеуім үшін басқа түйсіктерге сенім артуым қажет» дейді. 

«MasterChef» байқауының үшінші маусымындағы 19 эпизодта Кристина Ха жеке және командалық байқауларда жеті рет жеңіске жетті. Сонымен қатар, үздік үштіктің қатарынан үш рет көрінді. 2012 жылдың 10 қыркүйегінде Кристина Ха байқау жеңімпазы атанып, 250 000 доллар сыйақы мен шеф-аспазшы атағын, және аспаздыққа байланысты кітап жазу ұсынысын алды. 

Көзі көрмейтін фотограф

Пит Эккерт скульптура мен өнеркәсіптік дизайн мамандығын тәмамдаған. Өкінішке орай, Йель университетінде архитектураны меңгермек болған Пит пигментті ретинит деп аталатын ауру салдарынан біртендеп көру мүмкіндігін жоғалта бастаған. Ол оймен елестетіп, өзінің дыбыс, сипау, ес сезімдері арқылы фотосурет жасауды үйренген. 

Көзі көрмейтін архитектор

Кристофер Дауни – көру жүйкесінің айналасында ісіктің пайда болуынан көрмей қалған архитектор, жобалаушы, әрі кеңесші. Көз көрмей тұра, қалай архитектор болып жұмыс істеуге болады дерсіз. Кристофер компьютер ғылымы саласында жұмыс істейтін, дәлірек айтқанда дене арқылы сезіну принтерінің көмегімен онлайн карталарды жазу әдісін жасап шыққан соқыр ғалыммен бірге қызмет атқарады. Бүгінде соқыр архитектор қалада көз көрмейтін және нашар көретіндерге ыңғайлы да қызықты орта жасаумен айналысуда.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru, vk.com