- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Ньютонның нақыл сөздері...
Ньютонның нақыл сөздері
Массагеттің дәстүріне айналған афоризмдер легін жалғастырамыз.
Оқырмандардың есінде бар болса, бірер күн бұрын бүкіл механиканың негізін қалаған Ньютонның өмір жолы туралы әңгімелеп берген едік. Бүгінгі әңгімемізді осы ұлы ғалымның айтқан сөздері мен ақыл-кеңестерінен бастауды жөн санап отырмыз.
- Жұрт көрмеген нәрсені көріп-білуім менің ғылымның назарымен қарағандығымнан ғана.
- Ғылымды үйренуде ережелерден гөрі нақты мысалдар пайдалырақ.
- Ғылым айдынында мен өзімді жағада ойнап жүрген сәби сияқты елестетемін. Құдды теңіз жағасынан тас тауып алып, соны қызықтап жүргендеймін.
- Данышпан - ойын бір жерде тұрақтатып, өз ойын өзі басқара алатын адам.
- Табиғат - шындығына келгенде өте қарапайым жүйе.
- Ғылымда ақиқаттан артық авторитет болмауы керек. Біз әрқайысымыз Кеплерге, Галилейге, Декартқа ескерткіш орнатып, оның түбіне: "Платон - досым, Аристотель - досым, бірақ ең жақын досым - ақиқат" деп жазып қойсақ, кейінгіге жақсы өнеге болар еді.
- Табиғатта пайдасыз тұрған элемент жоқ. Әр нәрсенің өз орын мен қызметі бар.
- Көп жылдар бойы өз басымда аурудың тауқыметін сезіндім. Талай шөп ішіп, ауруымның емін тапқан соң, сол білімдерімді халыққа таратып, бөлісуді қаладым.
Мақаламызды Ньютон өзіне ұстаз санаған Платонның нақылдарымен аяқтайық:
- Кедейліктің түпкі себебі - дүние-мүліктің азаюында емес, қанағатсыздың артуында.
- Ұятсыздық - пайда жолында арсыздықтан тайсалмау.
- Құдай аспанда емес, әркімнің жүрегінде.
- Көп адам өзінің сәтсіздіктері үшін басқаларды кіналауға дайын тұрады. Егер адам кемшілікті өзінен іздесе, талай шыңды бағындырар еді.
- Адамның білім алып, тәрбиеленуі дүниеге келген сәттен басталып, өле-өлгенше жалғасады.
- Уақыт адамның барлық нәресін өзгеріске ұшыратады. Сырт пішінін де, мінезін де, есімін де...
- Жеңістің ең ұлысы - өз-өзін жеңу.
- Адам бар жан дүниесімен ақиқатқа ұмтылуы керек.
- Ақымақтың екі белгісі бар. Бірі - өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады, екіншісі - сұрамаған адамға ақыл айтады
- Достық теңдіктен басталады.
жалғасы бар...
сурет: ifamous.me