Непал данышпандары кеңес береді

Непал данышпандары кеңес береді

Талғампаз жұрт Непалға өзге әлемін іздеп барады. Қым-қуыт тірліктен қажығанда Непалға барып, беймаза жүректі тыныштыққа толтыра аласыз. Әлемге әйгілі Гималайды бір көрудің өзі неге тұрады?! Аңыз болған осы елдің топырағында туған даналардың алтынға бергісіз сөздері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес азық болары анық. Олай болса, Непал данышпандарының кеңестерін ұсынамыз. Бұл кеңестер бір қарағанда, қарапайым көрінгенімен, әрқайсысында жақсы өмір сүрудің құпиясы жатыр деуге болатындай. 

  • Ақырын сөйлеп, тез ойланыңыз.
  • Адамды туысқандарына қарап бағаламаңыз.
  • "Мен сені сүйемін!" деген сөзді шын жүректен шықса ғана айтыңыз.
  • "Өкініп тұрмын" дегенді айтқанда, адамның көзіне тура қараңыз.
  • Біреудің көрген түсі мен арманына күле гөрмеңіз.
  • Адамдарға өздері күткеннен де көп нәрсе беріңіз.
  • Өзіңіз сүйіп оқитын өлең жолдарын үнемі ойыңызда сақтап жүріңіз.
  • Естігеніңіздің бәріне сенбеңіз, қолыңызда барын жойыңыз, ұйқыңыз қанғанша ұйықтаңыз.
  • Ұлы махаббат пен үлкен жетістік таудай тәуекелді талап етеді. 
  • Өзіңіз бен өзгені сыйлаңыз, барлық ісіңізге жауап бере біліңіз.
  • Кішкентай келіспеушіліктің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз. 
  • Әр күні бірер сағатты жалғыз өткізуге тырысыңыз.
  • Кейде үнсіздік – мықты жауап. 
  • Кітапты көп оқыңыз.
  • Сүйіктіңізбен ренжіскенде, бұған дейінгі ренжісулерге сүйеніңіз. Оның өткен өмірін есіне сала бермеңіз.
  • Біліміңізді балаларыңызға дарытыңыз. Бұл – бүгінгі таңдағы мәңгілік өмір сүрудің бірден-бір кілті.
  • Жерге қамқор болыңыз. Қоқыс тастамаңыз. 
  • Өзгенің ісіне бос араласпаңыз. Құр кеңес беруден аулақ жүріңіз.
  • Сізбен көзін ашып тұрып сүйісетін адамға сенбеңіз.
  • Жылына бір рет аяғыңыз баспаған мекенге барып тұрыңыз.
  • Жақсы тапсаңыз, табысыңыздың жартысын біреуге көмектесуге жұмсаңыз.

Қай кеңес ұнады?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

Р. Роза