- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Мел Гибсонның өмір...
Мел Гибсонның өмір шындығы
Он бір баланың алтыншысы болып туылған Мел Гибсон туралы біз не білеміз. Ең бірінші кезекте киносын айтарсыз. Екінші кезекте айтар ой-түйіндері бар болып шықты:
Менің ең осал жерім - шыдамсыздығым. Құдайға шүкір, қазір сәл-пәл болсын түзеліп қалғам.
Адамдардың бір тобы ғана сізді тірідей жей алады. Олар - журналистер.
Мен әйелдерді жақсы көремін. Өйткені, әйелдер - Құдай ойлап тапқан ең жақсы идеялардың бірі.
Маған әке болу ұнайды. Себебі, балалы болған сәттен бастап өмірге басқаша қарай бастайсың. Өмірді басқа қырынан көресің.
Балалардың үйренгенінен гөрі үйрететіні көп.
Мен алғаш рет 16 жасымда режисер болуды армандадым. Сол уақытта өзім зерттеп жүрген виикингтер туралы кино түсіргім келді. Шынында да, ақымақтық,ә? Міне, сол үшін де режисер болдым.
Кинода ойнау - өтірік айту. Актердің өнері - жұқалап өтірік айтудың өнері. Маған көп уақыттар бойы камераның алдында өтірік айтқаным үшін ғана ақша төледі.
Менің көптеген қорқынышым бар. Мәселен, таңертең қауызға қосатын сүт бітіп қалса дегендей...
Қорқыныш көзге көрінбеген сайын, соғұрлым үлкейе түспек.
Зұлымдық әр адамның жүрегіне жол таба алады. Өз кезегінде зұлымдық санаңда жоқпын деп сендіреді.
Жауыңызға балмұздақ сыйлаңыз!
Жақсы кино адамның көңіл-күйін көтереді. Бір нәрсеге үйретеді. Білім береді, таным кеңейтеді. Және бәрін бір уақытта бере алады. Ал ондай болмаған жағдайда уақытыңды бос өткізесің.
Көптеген кинолар - пленко оралған катушектердің жиынтығы.
Өмір өзгерістері жан-жүректің жарасымен бірге алмасып тұрады. Егер жан-жүрек ауырмаса, онда өмірің өзгермеген.
Кейде маған адамның ең ұлы ақыл-парасаты ұмытып қалу болып көрінеді.
Аңғал сұраққа ең жақсы жауап біреу ғана. Ол - тыныштық.
Армандар қағазға түскенде аянышты көрінеді.
Маған америкалық аустралиялықтармен сөйлескен ұнайды. Олар әр сөйлеген сөздеріне сақ келеді. Ал бұл дегенің өз кезегінде қарым-қатынастың озық үлгісіне үйретеді.
Ешкім ешқашан бәрін бірдей жақсы көре алмайды.
Әр адамның өз ішінде бір ырымы жатады.
сурет:hollywood-actors.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига