Ардақты оқырмандардың назарына 18 ғасырдың жазушысы, америкалық публицист, қоғам қайраткері Марк Твеннің қанатты сөздерін ұсынамыз.
Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы. Күнделікті тірлікте ар мен ұждан туралы ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан қолымыз қалт етіп, босай қалған жағдайда, өз-өзімізді жөндеумен айналысқанымыз жөн. Әрқашан шындықты айтсаң, өтірігіңнің ашылып қалуын уайымдап, қайғыға салынбайсың. Қайғыны адам баласы жалғыз өзі көтеруі мүмкін. Бірақ басқа келген бақ пен қуанышты елмен бөліскені жақсы. Сол жағдайда кеудедегі шаттық еселене түседі. Өлген кезімізде қабір қазып, жан бағып жүрген адамның өзі қайғыратындай қылып сүрелік өмірімізді. Жылы жүректі көзі жоқ соқыр да, құлағы естімейтін саңырау да көріп, ести алады. Өміріңіздің біржақтыланып кеткенін байқасаңыз, дереу өзгеруге тырысыңыз. Сізді кемсітіп, ақылсыз қылып көрсетуге тырысатын адамдардан сақтаныңыз. Шын дос сізге ерік-жігер беріп, демей түсер. Менің бала кезімде өз әкем тым ақылсыз болып көрінетін еді. Бірақ есейіп, жиырмаға толып, жігіт атанғанда, оның даналығына таңқалудан шаршамайтын едім. Кей жерде сөзден гөрі үнсіздік пайдалырақ. Адамның кім екендігін жүрегіне назар салып біл. Халықтың көрмейтін нәрсесі болмайды. Сондықтан, елдің назарынан қорқыңыз. Өміріміздің жайнап, көңіліміздің қайнауы айналамызды қоршаған адамдарға тікелей байланысты. Не айтарыңды білмесең, шындықты айт.сурет: famous-wallpapers.com