- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Марк Твеннің насихаты...
Марк Твеннің насихаты
Ардақты оқырмандардың назарына 18 ғасырдың жазушысы, америкалық публицист, қоғам қайраткері Марк Твеннің қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы.
- Күнделікті тірлікте ар мен ұждан туралы ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан қолымыз қалт етіп, босай қалған жағдайда, өз-өзімізді жөндеумен айналысқанымыз жөн.
- Әрқашан шындықты айтсаң, өтірігіңнің ашылып қалуын уайымдап, қайғыға салынбайсың.
- Қайғыны адам баласы жалғыз өзі көтеруі мүмкін. Бірақ басқа келген бақ пен қуанышты елмен бөліскені жақсы. Сол жағдайда кеудедегі шаттық еселене түседі.
- Өлген кезімізде қабір қазып, жан бағып жүрген адамның өзі қайғыратындай қылып сүрелік өмірімізді.
- Жылы жүректі көзі жоқ соқыр да, құлағы естімейтін саңырау да көріп, ести алады.
- Өміріңіздің біржақтыланып кеткенін байқасаңыз, дереу өзгеруге тырысыңыз.
- Сізді кемсітіп, ақылсыз қылып көрсетуге тырысатын адамдардан сақтаныңыз. Шын дос сізге ерік-жігер беріп, демей түсер.
- Менің бала кезімде өз әкем тым ақылсыз болып көрінетін еді. Бірақ есейіп, жиырмаға толып, жігіт атанғанда, оның даналығына таңқалудан шаршамайтын едім.
- Кей жерде сөзден гөрі үнсіздік пайдалырақ.
- Адамның кім екендігін жүрегіне назар салып біл.
- Халықтың көрмейтін нәрсесі болмайды. Сондықтан, елдің назарынан қорқыңыз.
- Өміріміздің жайнап, көңіліміздің қайнауы айналамызды қоршаған адамдарға тікелей байланысты.
- Не айтарыңды білмесең, шындықты айт.
сурет: famous-wallpapers.com