Махатма Гандидің нақыл сөздері

Махатма Гандидің нақыл сөздері

Қадірлі Массагеттің оқырмандарына 20 ғасырдың ұлы саясаткері Махатма Гандидің қанатты сөздерін ұсынамыз.

Алдымен аз-кем тарихқа саяхат жасайық. Ганди 1869-1948 жылдары өмір сүрген, Индияны Ұлыбританиядан азат ету үшін күрескен ғасыр адамы. Бұл кісінінің ұлылығы сол - азаттық үшін күресте  бір тамшы қан төкпей, ешқандай агрессиясыз елін егемендікке қарай алып шықты. Отыз жыл бойы осы мақсатта жүріп-тұрған ол елі тәуелсіздік алған соң, бір жылдан кейін қайтыс болып, жер қойнауына кете барды. Адамшылық қағидаттарынан үлес алғысы келетін оқырмандарды мына нақыл сөздерге назар аударып, ой толғауға шақырамыз.

  • Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.
  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
  • Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.
  • Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.
  • Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек. 
  • Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.
  • Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
  • Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.
  • Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез келген адамда болатынына сеніңіз.
  • Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады. 
  • Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.
  • Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
  • Әлемнің кеңдігі сол - барлық мұқтажды жарылқай алады, тарлығы сол - дүние қуып, көзін шел басқан сараңды ешқашан қанағаттандыра алмайды.
  • Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес. 
  • Мақсатыңды тап, ресурс табылар.
  • Адам баласын құрдымға апаратын нәрселер мыналар: принципі жоқ саясат, ұжданнан жұрдай болып  тән рахатына бөлену, жұмыссыз байлық, мінезсіз білім, моральсіз бизнес, адамгершіліксіз ғылым...
  • Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды. 
  • Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.
  • Құдайды іздеген адамда дін жоқ.
  • Зорлық-зомбылықпен келген жеңіс жеңіліспен пара-пар. Бұндай жеңістің ғұмыры қысқа.

 

сурет: liveinternet.ru