- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Магистрант бола алмаған...
Магистрант бола алмаған ақсақал
Қытай елінің Шэн Дон өлкесінде жасы 61-ді алқымдаған Жаң Шэн Шю есімді ақсақал бар. 2009 жылдан бері барынша талпынып, төрт жыл бойы емтихан тапсырса да, бәрібір магистрант атана алмай келеді.
Ол осыдан 40 жыл бұрын отбасылық жағдайының төмендігінен жоғары мектеп емтиханына қатыса алмаған. Дегенмен, оқуға деген ынтасы оны ақыры студент атандырған. 1995 жылы өлкелік ересектер университетінің педагогика саласына емтихан тапсырып, математика мамандығын тәмамдаған. 2006 жылы өлкелік жоғары дәрежелі орта мектептің ағылшын тілі оқытушысы болып, бірер жылдан соң зейнетке шыққан. Зейнетке шыға салысымен, қытайша емдеу университетінің инемен емдеу және дәрігерлік мамандығын сырттай оқып бітірген. 2009 жылдан бастап осы мамандықтың магистратура бөліміне емтихан тапсырған. Төрт жыл бойғы емтихандағы сәтсіздік оның жігерін мұқалтар емес.
Қажырлы Жаң Шэн Шю ақсақал
Ол осы дәрігерлік саласында зерттеумен шұғылданып, осы жолда аз да болса жаңалық жаңартқысы келетінін жасырмайды. Алдағы уақытта келесі емтиханға дайындалып жүргенін айтады.
Қажырлы ақсақал:«Оқу-білім ешқашан жаспен өлшенбейді, ол тек адамның ерік-жігеріне ғана байланысты. Мен ғұмырымның ең соңғы сәтіне дейін үйрену жұмысымды жалғастыра беремін. Үйрену – маған шексіз ләззат сыйлайды» дейді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек