Аяулы оқырмандарға 17 ғасырда өмір сүрген француз халқының әйгілі жазушысы, философ-моралисі Франсуа де Ларошфуконың қанатты сөздерін ұсынамыз:
Адам баласы миын жұмыс істетуге ерінгендігінің себебінен, денесіне тыным таптырмайды. Әрбір адам бөтеннің құпиясын білгісі келіп құмартса да, өзінің сырын көпшілікке ашқысы жоқ. Адам баласы ешқашан абсолют жаман немесе абсолютті түрде жақсы болмайды. Бөтеннің жақсылығын қызғанған адам қолында тұрған өз нығметінен айырылады. Көпшілгіміз бақытты болуға тырысудың орнына, бақытты болып көрінуге тырысып жүрміз. Еңбек арқылы ғана басқа түскен қайғыны жеңіп шығуға болады. Басқа түскен қиыншылықтың қанша уақытқа созылатындығы тікелей өзімізге байланысты. Адам баласында махаббат оты оянса, барынша мейірімді, кешірімді бола түседі. Назары тар, білімі таяз адамды алдау өте оңай болады. Сондықтан, дүниетанымымызды арттыруға тырысалық. Шектен тыс құмарлық ақылы бар адамды бір сәтте ессізге айналдырады. Бойымыздағы кейбір кемшіліктерді оңтайлы пайдалана білсек, ол біздің артықшылығымызға айналады. Нағыз ақылдылық әр нәрсенің шынайы бағасын білу. Білімсізді білімді етуге болса да, ойлау жүйесі бөлек адамды жөндеу оңай емес. Өзінің қателігін мойындайтын адам ғана көпшіліктің қудалауынан қорқады. Кейбір жастардың табиғи мінез-құлықты дөрекілік көрсету деп түсінуі дұрыс емес. Қызғаншақтық сүйіспеншіліктен гөрі, өзімшілдікке келеді.сурет: liveinternet.ru