- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Ларошфуконың насихаты...
Ларошфуконың насихаты
Аяулы оқырмандарға 17 ғасырда өмір сүрген француз халқының әйгілі жазушысы, философ-моралисі Франсуа де Ларошфуконың қанатты сөздерін ұсынамыз:
- Адам баласы миын жұмыс істетуге ерінгендігінің себебінен, денесіне тыным таптырмайды.
- Әрбір адам бөтеннің құпиясын білгісі келіп құмартса да, өзінің сырын көпшілікке ашқысы жоқ.
- Адам баласы ешқашан абсолют жаман немесе абсолютті түрде жақсы болмайды.
- Бөтеннің жақсылығын қызғанған адам қолында тұрған өз нығметінен айырылады.
- Көпшілгіміз бақытты болуға тырысудың орнына, бақытты болып көрінуге тырысып жүрміз.
- Еңбек арқылы ғана басқа түскен қайғыны жеңіп шығуға болады.
- Басқа түскен қиыншылықтың қанша уақытқа созылатындығы тікелей өзімізге байланысты.
- Адам баласында махаббат оты оянса, барынша мейірімді, кешірімді бола түседі.
- Назары тар, білімі таяз адамды алдау өте оңай болады. Сондықтан, дүниетанымымызды арттыруға тырысалық.
- Шектен тыс құмарлық ақылы бар адамды бір сәтте ессізге айналдырады.
- Бойымыздағы кейбір кемшіліктерді оңтайлы пайдалана білсек, ол біздің артықшылығымызға айналады.
- Нағыз ақылдылық әр нәрсенің шынайы бағасын білу.
- Білімсізді білімді етуге болса да, ойлау жүйесі бөлек адамды жөндеу оңай емес.
- Өзінің қателігін мойындайтын адам ғана көпшіліктің қудалауынан қорқады.
- Кейбір жастардың табиғи мінез-құлықты дөрекілік көрсету деп түсінуі дұрыс емес.
- Қызғаншақтық сүйіспеншіліктен гөрі, өзімшілдікке келеді.
сурет: liveinternet.ru