Кеше оқырмандардың назарына Махатма Гандидің нақыл сөздерін ұсынған едік. Бүгін сол дәстүрді жалғастырамыз.
Конфуций біздің заманызға дейін 551 жылы дүние есігін ашып, бір империяны аузына қаратқан ойшыл. Оның әкесі Шулян Хэ асыл тұқымнан шыққан сарбаз еді. Лу әмірлігінде үлкен абыройға ие болған батыр артына ұрпақ қалдыру үшін 3 рет үйленген. Алғашқы әйелінен 9 қызы болды. Екіншісі оған ұл сыйласа да, сәби жетілмей туылды. 63 жасқа таянып үшінші рет отау құрған кезде ғана Кун-фу-цзы атты ұл дүниеге келіп, әкесін қуанышқа бөлеген еді.
Кейінірек бұл қуаныш тек әкесінің ғана емес, бір империяны бақыты екендігі белгілі болды. Атақты Конфуцидің ойларына қазіргі кезде барша адамзат құлақ түріп, қызығып отырады. Олай болcа, сіздердің де назарларыңызға осы даналықтардан үзік сыр ұсынамыз.
Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз Кек алуға кірісіп жатсаң, екі қабір қазып, дайындай бер Өмір өте қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз Өзімізге қалайтын нәрсені, басқаларға да тілейік. Бұдан асқан адамгершілік жоқ Жақсылыққа жақсылық қыл, зұлымдыққа әділеттілікпен жауап бер Қоғамды біріктіріп ұстап нәрсе - адамдардың бір-бірін ойлап, қамқор болуы Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбейтінгін айтады, ақылды адам өзгені түсіне алмай жүргенін айтады. Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді Ойыңның тазалығына жұмыс істе. Сонда ісің де таза болмақ Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, зұлымдыққа ақжүректілікпен жауап қат Дайындығы жоқ адамды соғысқа аттандыру сатқындықпен тең Жұрттың мені түсінбейтіндігіне қайғырмаймын, өзім жұртты танымай жүргендігіме қапаланымынсурет: guardian.co.uk