Қазақстандық ғалым Беген Есімов халықаралық ИСЕСКО сыйлығына ие болды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Баспасөз қызметі: "Білім, ғылым және мәдениет бойынша халықаралық ұйым (ИСЕСКО) "2012 жылғы ғылым мен технология бойынша ИСЕСКО-ның сыйлығы" М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан облысы университетінің минералдардың силикаты мен синтезі технологиялары кафедрасының профессоры, доктор Беген Омарұлы Есімовке бұйырды", -деп хабарлады.
Айта кетейік, жүлде биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технологиялар салаларында инновациялық-ғылыми жаңалық жасаған ғалымдар мен зерттеушілерге беріледі.
Жүлде ішіне сертификат, медаль және 5000 доллар ақшалай сыйақы кіреді. Ал лауреаттарды марапаттау салтанаты ИСЕСКО-ның VI конференциясында осы айдың соңында Судан астанасы Хартумда жоспарланған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: newskaz.ru