Бұл өмірде әрбір адам бақытты болуға лайықты. Адам баласы есейе келе қолы аузына жеткен уақытта ата-анасынан бөлек шығып, өзінің отбасын құрып аядай үйдің түтінін сөндірмеуге тырысады. Алайда, барлығы жоспарлағандай емес әрине. Бір құлатып, бір тұрғызатын өмірдің соқпақ жолдарымен қайта бой көтеріп өз бақытына ұмтылу екінің бірінің қолынан келмейді. Мұндай жандарды өмірден бағы жанбай, сынған деп айтып жататын кездер болады. Бірінің отбасындағы кикілжің әсер етсе, енді біріне байлықтың құртып жібергені куә. Көптеген мотивациялық роликтер түсіретін шетелдік орындар, бүгін өз отбасынан айырылып, үйсіз қалған қайыршыны жарымен қызына қайта қауыштыруды көздеп керемет әдіс ойлап тапқан екен. Сонымен, маңайындағы пенделерге үреймен қарайтын азаматтың отбасын көргендегі алғашқы әрекеті қандай болғанын тамашалаңыздар.