Қателікті кешіру – қателік

Философ-даосист Хань Сян-Цзының өмір сүру бағыт-бағдары.

* * * *

Әрқашан адамның қолынан келетін бір ғана нәрсе бар, ол – адасу. Егер әлгі адасу бүкіл қоғамды қамтып, сол уақытта өмір сүруіне көмектесіп жатса, онда ол сенім деп аталады. Ал егер сол сенім адалдықтан айырылып жататын болса, онда ол сенім болудан да, адасу болудан да қалады, өз кезегінде қоғамды бөліп жаратын екіжүзділік пен алдамшылыққа айналады.

Өзгелердің қалай қарайтынына назар аударма, өзгелерге өзіңнің қалай қарайтыныңа мән бер. 

Қателікті кешіріп тағы бір қателік жасайсың.

Арамзалықты кешіру арқылы келесісін жасауға көмектесесің. Ал ақымақтық мүлдем кешірімді қажет етпейді. Ол жел секілді еш нәрсеге байланысты емес. Қалай көрінсе, солай қабылдап, жамандығынан қорғану арқылы бір пайда қарастыру қажет. 

Бүкіл әлемде тәртіп болғанын қаласаң, алдымен өз үйіңді жинаудан баста. 

Жақсылық қорғансыз және сол үшін де өмір сүреді.

Барлығына ұқсағың келсе - ешкім де болмайсың. 

Егер сенің ойың барлығымен бірдей болса, сол заматта қателесеп үлгересің. Адамдар әртүрлі ойлайды. Егер сен барлығы үшін ойлансаң, тағы да қателесесің. Әркімнің өз ісі бар. Өзіндік оймен және өзің үшін ойлан, бірақ, есіңде болсын - өзгелерді ойламаған, өзін де ойламаған болып шығады. 

Бүкіл адамдардың бірінші білгісі келген нәрсесі, шын мәнінде өздерінің не қалайтындығы.

Ақымақтық амалдарды адам өзіне ұнағандықтан немесе пайда келтіргендіктен жасамайды, өз ойының күдігі бойынша, өзгелер мұны қалайтын секілді. 

Адалдық марапатталады, бірақ, бұл жерде ақшаның қатысы жоқ.

Гүл түртпегенше әдемі.

Адам кез келген нәрсені ойлай беруі мүмкін, бірақ, сенімді болған нәрсесін ғана жасауы тиіс. 

Мықты адамды әлсізден қалай айырамыз? Егер мықты адам өмірге көңілі толмаса, онда ол өзіне мін тағады, ал егер әлсіз болса - адамдарға. 

Құдай мен идеяға қызмет ету оңай. Тірі адамдарға қызмет етуден әлдеқайда оңай. 

Басшының даналығы атқарған ұлы игі істерінен емес, жіберілмеген қателіктермен өлшенеді. 

Данышпан деп ұлы істерді ойлайтын адамды емес, майда-шүйдеге бас қатырып жатпайтын жанды айтамыз.

Кішкентай адам да, үлкен адам да бір мақсатқа бір уақытта жетуі мүмкін. Бірақ, кішкентай адам сол жерде қалу үшін, үлкен адам - ары қарай жүру үшін. 

Ойыңдағы нәрсеңді айтпасаң, сенген нәрсеңді естімесең және мақсаты айқын нәрселерді дұрыс істемесең - онда бүкіл осы уақыттар ішінде өмір сүріп келген сен емес. 

сурет:lifehacker.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек