- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Жігіттер сөйлейді...
Жігіттер сөйлейді
"Жігіттер қандай болу керек?" деген сұраққа әркім әртүрлі жауап беруі мүмкін. Бірақ нәзік жанды арулардың жауабы шамалас болатыны анық. Әлбетте, "Жігіттер сенімді, мықты, күшті, бізге қорғаныш бола алатын, айбарлы болуы керек" деген жауапты естірсіз.
Ал, бірақ жігіттердің бұл туралы қандай пікірде екендігін ойланып көрдіңіз бе? Олай болса, массагеттіктерге планетамыздағы бетке ұстар жігіттер қауымының пікірлерін ұсынамыз.
- Жігіттер өмірде үш нәрсені ойлауы керек: өзінің азаматтық парызы, ар-намысы, жауапкершілігі. Василий Александрович Сухомлинский
- Өміріміз тым қысқа. Сондықтан біреудің ойымен өмір сүріп, уақытты жоғалтпалық. Бөтеннің пікіріне тәуелді болып, догмаға берілмелік. Стив Джобс
- Айналадағы жұрттың пікіріне тәуелді болудан сақтаныңыз. Сол көп дауыс сіздің ішкі, жүрегіңіздің дауысын бәсеңдетіп тастамасын. Жүрегіңізге құлақ асып, интуицияңызға жүгінуден қорықпаңыз. Стив Джобс
- Өмірдің қиыншылықтары бізді тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Стив Джобс
- Мен барлық байлығымды Сократпен бір көрісу үшін айырбастар едім. Стив Джобс
- Қызды құрметтей білетін жігіт басқаға да құрмет көрсете алады. Сомерсет Моэм
- Жігіттерді қыздар қауымы арқылы тәрбиелеу керек. Олардың адалдығы мен адамгершілігі ғана жігіттерді рухани байытады. Василий Александрович Сухомлинский
- Отбасының басты міндеті - ұрпақ тәрбелеу. Ал балалардың жақсы тәрбие көріп шығуы ер мен әйелдің қарым-қатынасына тікелей тәуелді. Василий Александрович Сухомлинский
- Қыздардың интуициясы жігіттерге қарағанда жақсы дамыған. Джозеф Редьярд Киплинг
- Құдай жігіттерді өзгерткісі келсе, оларды қыздар арқылы өзгертеді. Генрик Ибсен
- Адамзаттың осы күнге дейін жеткен үлкен жетістігі - қыздарды сүйе білуі. Осы махаббаттың әсерінен әлемде талай ғажайып нәрселер пайда болды. Максим Горький
- Жігітті адам қылатын да, надан қылатын да - қыздар. Джером Клапка Джером
сурет: mail.ru