- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Гетенің қанатты сөздері...
Гетенің қанатты сөздері
Оқырмандарға 18-19 ғасырлардағы көрнекті тұлға, ұлы жазушы Иоганн Вольфганг Гетенің айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз. Гете жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін салушы, жаратылыстанушы, адамзат тарихындағы әйгілі ойшыл екендігін айта кетелік.
- Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.
- Даналық дегеніміз - шындық.
- Болашағына сенбейтін адам өлікпен тең.
- Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
- Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.
- Айналаңа деген қызығушылығың азайса, есте сақтау қабілетің де нашарлайды.
- Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.
- Жануарлар өздеріне тән рефлекстерінің басқаруымен өмір сүреді. Адам баласы өз тәнін өзі басқарып өмір сүруі керек.
- Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
- Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.
- Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.
- Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның монында.
- Өз-өзін тани алған адам ғана еркіндікке бой ұра алады.
- Әркім түсінгенін естиді.
- Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.
- Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды.
- Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.
- Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді.
сурет: nnm.ru