Эйнштейннің алтын сабақтары

Альберт Эйнштейн заманының заңғар тұлғасы, ұлы физик болды. Қатарының алды болған ғалым көптеген физика заңдарын аша білді. Адамдар оны осы еңбегі үшін ғана данышпан деп атамайды, профессор Эйнштейн ешкімге дес бермес философ еді. Ол табысқа жетудің заңдылықтарын жақсы білді және оны өзгелерге жақсы түсіндіре білді. Ендеше сіз де бүгін оны басқа қырынан танып көріңіз. Назарыңызға күнделікті тұрмыста пайдасы орасан зор Эйнштейн айтқан 10 алтын сабақты ұсынып көрмекпіз.

1. Өмірінде ешқашан қателік жібермеген адам ешқашан жаңа нәрсе жасап көруге тырыспаған деген сөз. 

Көптеген адамдар қателікке ұрынамын деген қорқынышпен жаңа әрекеттер жасауға жүрексініп жатады. Бірақ, одан қорқудың қажеті жоқ. Жеңілістің дәмін татып көрген адам, дайын асқа тық қасқы болғысы келетіндерге қарағанда жеңіске жетудің жолын да, жетістіктің қадірін де жақсы біледі. 

2. Өзің сіңірген білім - мектепте үйреткендерді ұмытқаннан кейін есіңде қалатын жалғыз азық.

Мектеп есігін жапқаннан отыз жылдан кейін сізге үйреткендердің бәрін де есіңізден шығарып аласыз. Ол ақиқат. Осындайда жадыңызда қалатын - өзіңіз үйренген дүниелер ғана екен.

3. Мен өз қиялымда суретші секілді тәуелсізбін. Қиял білімнен де маңыздырақ. Білімнің шегі бар. Ал қиял күллі әлемді сидырып әкете алады.

Адамзаттың сонау тас дәуірінен бері қалай дамып кеткендігін түсінген болсаң, қиялдың күші толықтай сезіледі. Қазір біздің қолымызда бар дүниелердің бәрі де ата-бабамыздың қиялының арқасында келді. Болашақта болатын нәрселер біздің қиялымыздың арқасында тұрғызылады.

4. Шығармашылықтың құпиясы - өз шабытыңның бастауын жасырып қала алуында жатыр.

Иә, солай. шығармашылығыңыздың бірегейлігі өз қайнаркөздеріңізді қаншалықты жақсы жасыра алатындығыңызға байланысты. Сізді басқа да ұлы адамдардың шабыттандыруы мүмкін, алайда күллі әлемнің назары сізге ауғанда, идеяңыз дара болуы керек.

5. Адамның құндылығы оның қол жеткізуге шамасы келетін дүниелермен емес, оның нақты бере алатындарымен өлшенуі керек. Табысты емес, құнды адам болуға тырыс.

Егер де бүкіл әлемге мәшһүр адамдарға назар аударатын болсаң, олардың әрбірінің әлемге әйтеуір бір нәрсе бере алғанына көз жеткізесің. Өзіңе керегіңді алуға мүмкіндік ашу үшін, бере де білу керек. Мақсатың әлемдегі құндылықтарды жоғарлату болған жағдайда ғана, өмірдің келесі бір сатысына көтеріле аласың.

6. Өмір сүрудің екі тәсілі бар: саған таңғажайыптар болмайды деген сеніммен өмір сүруге болады және мына әлемдегінің бәрі таңғажайып деген сеніммен өмір сүре аласың.

Егер әлемдегінің бәрі таңғажайып емес деп күн кешетін болсаң, ойыңа келгенді жасай аласың, саған тосқауыл болатын кедергі жоқ. Ал егер барлығы да ғажайып деп өмір сүрсең, тіпті ең кішкентей деген сұлулықтың өзінен ләззат алып жүруіңе болады. Ал егер екі тәсілмен де өмір сүрсең, өмірің бақытты әрі нәтижелі болады.

7. Өзімді және өзімнің ойлау қабілетімді зерделей бастағанда, қиялдау мен елестеу қасиетінің абстрактті ойлаудан әлдеқайда көп пайда әкелетіндігін, әлдеқайда жоғары екендігін мойындаймын.

Жаның қалайтын нәрселерді армандау - позитивті өмірдің кепілі, маңызды элементі. Қиялыңызға шарықтауға және өзіңіз өмір сүруді қалайтын әлемді құруға ерік беріңіз.

8. Бір отар қойдың ең беделді мүшесі болу үшін, ең алдымен саулық болу керек.

Егер табысты кәсіпкер болғың келсе, бизнеспен айналысуды дәл қазір бастап кет. Бастауды қалау, бірақ қиындықтардан қорқу ештеңеге жеткізбейді. Ұту үшін, жақсы ойнай білу керек. Бұл - өмірдің кез келген тұсындағы негізгі заңдылық.

9. Ойынның ережелерін жақсы меңгеріп ал. Сонан кейін барып, басқалардан жақсы ойнауды бастау керек.

10. Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.

Ақылды адамдар әрқашан сұрақ қояды. Шешімді табу үшін өзіңізден және өзгелерден сұрай біліңіз. Бұл сізге жаңа дүниелерді білуге, өз шамаңызды білуге көмектеседі.

 

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева