- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Ең ұлы ұстаз...
Ең ұлы ұстаз - уақыт
Қайран уақыт... Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақыт - ұлы ұстаз деген пікірде. Қалай болғанда да, жер бетіндегі әркімнің тірлігі уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты.
Осы орайда назарларыңызға планета ойшылдарының осы туралы айтқан кейбір қанатты сөздерін ұсынамыз:
- Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак
- Көп адам өмір сүру үшін уақытының басым бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешіп жүр. Иоганн Вольфганг Гете
- Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз - осы. Томас Манн
- Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз
- Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева
- Дерттердің басты емшісі - уақыт. Аврелий Августин
- Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт
- Уақыт бір орында тұрған нәрсе. Оның жанынан біз жүгіріп бара жатқандықтан ғана ол жүйіткіп бара жатқандай көрінеді. Пьер Буаст
- Уақыт ақша секілді нәрсе. Оны пайдасыз жойып, жоқ қылмаңыз. Сонда сізден артық уақытқа бай адам болмайды. Гастон Левис
- Уақыт бәрін алып кетеді. Бәрінің иесі сол. Публий Вергилий
- Тарих әрқашан қайталанып отырады. Фрэнсис Бэкон
- Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде
- Уақыттың қадірін білмейтін адам құрметке лайық емес. Люк де Клапье Вовенарг
- Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Иоганн Вольфганг Гете
сурет: mirvam.org