- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Еділ Ерғожин -...
Еділ Ерғожин - қазақ ғылымының локомотиві
Аяулы Массагеттіктерді бүгіннен бастап Қазақстан жерінде дүниеге келіп, өмірін елге қызмет етумен өткізіп келе жатқан марғасқалармен қысқаша таныстыруды қолға аламыз.
Бүгін сіз бен біз химик ғалым Еділ Ерғожин туралы аз-кем сұхбат құрып көрелік.
Еділ Ерғожин Алматы облысындағы Екпінді селосында дүниеге келді. 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін қызыл дипломмен бітірген оның ғылым жолындағы қадамы сол кезден басталды.
Еділ ағамыз еңбек жолында 35 доктор мен ғылым кандидаттарын дайындап шықты. 400-ден аса ғылыми жұмыстың авторы. Соның ішінде 5 монография, 2 оқулық, 24 әдістемелік құрал және 160 өнертабыстың авторы екендігін ерекше айтып өту керек.
1974 жылы химия ғылымдарының докторы атағын алды. 1978 жылдан бері ардақты профессор ретінде ел аузында жүр.
Еділ Ерғожин радио тыңдармандары үшін сұхбат беруде
1980-1988 жылдар аралығында жоғары молекулярлы қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы, Қазақ Ұлттық Университетінің проректоры және ректоры болып қызмет етті.
Ұлттық ғылым академиясының (1989), Нью-Йорк ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан Республикасының ғылым қайраткері (1984), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1982) ретінде көпшілікке танымал, абыройлы тұлға.
1988 жылдан кейін ҰҒА-дағы Химия институтының директоры болып қызмет қылды. 1994 жылдан соң, Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті болды.
Еділ Ерғожин Қазақстандағы иондық алмасу химиясы мен мембраналық технологияның негізін салушы. Электродиализдік тұщыту қондырғысын ойлап тауып, өндіріске енгізген. Краун қосылыстары негізіндегі селективті сорбенттерді синтездеу жөніндегі жаңа ғылыми бағыт қалыптастырды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: dialog.kz, alashainasy.kz