- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Достық туралы афоризмдер...
Достық туралы афоризмдер
Массагеттің оймақтай ойларды тізбектеу дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға адамзат мақтаныштарының аузынан шыққан дуалы сөздерді ұсынғалы отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз достық тақырыбына арналмақ.
Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені
Даниель Дефо
Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ
Джозеф Аддисон
Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар
Аристотель
Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін
Омар Хайям
Басқа келген бақтың тәтті дәмі достармен бөліскенде арта түседі
Аристотель
Достарының сәтсіздіктеріне әркім көңіл айта айтып, аяныш білдіре алады. Бірақ досының жеткен жетістіктеріне қуана алатын адам кемде-кем
Оскар Уайльд
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хаям
Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі
Уильям Шекспир
Достың назарымен қараған адам қате сөз айтпайды
Вольтер
Өзіңе берілген досыңа жақсылық жасаудың қанша жақсылық жасасаң да артықшылығы жоқ
Генрик Ибсен
Достар - бөлек тәнде өмір сүретін, бір адам
Аристотель
Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды
Аристотель
Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек
Джордж Вашингтон
сурет: timeout.ru