- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Достоевскийдің нақыл сөздері...
Достоевскийдің нақыл сөздері
Бұл күні Достоевскийдің атын естімеген бірде-бір адам жоқ шығар. Ең болмағанда, әлем әдебиетіне қызығып, ізденіп жүрген адамдардың бұл кісі туралы білмеуі мүмкін емес. 30.10.1821 — 28.01.1881 жылдар аралығында өмір сүрген орыстың ұлы жазушысы қалдырып кеткен құнды сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
- Шектен тыс өзімшілдікке бой ұру - өзіңді сыйлағандықтың белгісі емес.
- Тірлікте зұлымдардың үш түрі бар: бірі - өзі ісін дұрыс деп есептегендіктен ғана зұлымдық жасайтындар, бірі - өз ісінің жамандық екендігін білсе де, өзіне тоқтау салуға қауқары жетпейтіндер, бірі - ісінің жамандық екендігін білсе де, жасаған зұлымдығынан ләззат алатындар.
- Адамшылық қасиеттерді оятуды мақсат қылмай сүрілген өмір - өте сұрықсыз болады. Тамақ жеп, ұйықтауды жан-жануарлар да біледі. Адам баласы олардан биік тұруы керек.
- Адам өзінің ақымақтығын мойындаған кезде ғана ақылдылыққа бой ұра бастайды.
- Адам баласы кез келген нәрсеге бой үйрете алатын жаратылыс.
- Білім мен еңбек қана адамды мұратқа жеткізеді.
- Адам баласы өзінше бөлек әлем іспетті. Тек сол кеудеде жақсылықтың тамшысы болсын деп тілеңіз.
- Жарасымды әзіл - тереңдіктің белгісі.
- Мен зұлымдықтың адам бойындағы табиғи қасиет екендігіне сенбеймін және ешқашан сене алмаймын.
- Жаратушыны іздеген адам оны кеңістіктен іздемесін, айналасындағы жұрттың махаббатынан іздесін.
- Адамды танығыңыз келсе, оның сөзіне де, ісіне де, қимылына да назар аудару міндетті емес. Тек оның күлген кезінде ғана зер салып қарасаңыз жеткілікті. Күлкісі тартымды адамның өзі де жақсы болады.
- Әлемдегі әр адам жер бетіндегі әр жан үшін өзін жауапты сезінуі керек.
- Бөтенді сыйлай алмайтын адам өзін де сыйлауы екіталай.
- Орыс халқының ең жақсы қасиеті - әділеттілікті жан-жүрегімен қалайтындығы.
- Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
- "Қоғамды сақтап қалу үшін" адамды қырып-жоюға баратын цивилизацияны қарғыс атсын.
- Табиғатты сүймеген адам халықты да сүймейді
- Әр халық өз тілін жетік меңгеріп алса, бөтен тілді де еш қиындықсыз меңгере алатыны анық.
сурет: profliqa.blogspot.com