Оқырмандарға 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризмдерін ұсынамыз:
Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда. Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады. Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз. Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз. Біздің басты мақсатымыз тым алысқа көз салу емес. Өзіміз көре алған жерге дейінгі қамымызды ойлай білу. Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз. Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз. Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы. Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады. Жемісі бар ағашқа ғана тас атады. Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз. Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы - сол лимитті азайту. Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма. Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол. Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы. Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады. Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін. Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар - оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу. Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес. Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.Сурет: salesportal.ru