- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Дейл Карнегидің нақыл...
Дейл Карнегидің нақыл сөздері
Оқырмандарға 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризмдерін ұсынамыз:
- Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.
- Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады.
- Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.
- Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз.
- Біздің басты мақсатымыз тым алысқа көз салу емес. Өзіміз көре алған жерге дейінгі қамымызды ойлай білу.
- Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз.
- Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.
- Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
- Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады.
- Жемісі бар ағашқа ғана тас атады.
- Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.
- Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы - сол лимитті азайту.
- Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.
- Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.
- Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
- Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.
- Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.
- Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар - оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу.
- Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес.
- Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.
Сурет: salesportal.ru