Дарынды суретші Франсиско Гойяның өмір жолы

Дарынды суретші Франсиско Гойяның өмір жолы

Аяулы оқырмандарға испандық әйгілі суретші, гравер Франсиско Гойя туралы әңгімелеп бермекпіз.

Франсиско Хосе де Гойя 1746 жылдың 30 наурызында Арагон қаласының маңындағы Саргосса елді мекенінде дүниеге келді. Жас Францисконың суретшілік өнерге деген қызығушылығына себеп болған оның әкесі еді. Суретшілікпен кәсіби түрде айналысқан ол баласын жастайынан осы өнерге баулыды. 14 жасқа толғанда жергілікті арт мектебіне берді. Кейін 1763 жылы Гойя Мадрид қаласына жұмыс істеуге аттанды. Сол жақта жергілікті Франсиско Байеу атты суретшінің қасында көмекшілік қызмет атқарған еді. Сәл кейінірек қожайынының қызын алып, отау көтереді.

Гойя 1771 жылы Италияға көшіп келді. Осыдан кейін оның Мадридтегі жаңа өмірі басталды. Ол Корольдік Фабрикада қызмет етіп, сарайдың дуалдарын әшекейлеумен айналысты.

1786 Гойя төртінші Карлдің жанына сарай суретшісі болып тағайындалады. Осы сәттен бастап, оның өмірі күрт өзгеріп, қолына билік те, байлық та сап етіп түсе қалды.

Бірақ бұл мамыражай тірлік ұзаққа созылмады. 1792 жылдың жазында суретші қиын ауруға шалдығып, саңырау болып қалды. Бұдан кейін оның еңбектері бұрынғы қанықтылығын жоғалтып, күңгірттене түсті.  

Кереңдігі былай тұрсын, Гойяның көзіне неше түрлі түсініксіз қорқыныш нәрселер де көрінетін еді. Осы объектілер оның кейінгі гравюралары мен картиналарында көрініс тапты.  

в

Франсиско Гойя. "Соғыс апаты" сериясынан

Кейінірек Наполеон армиясы Испанияны оккупациялады. Суретші осы кезеңдерде соғыстың қорқынышты азаптары мен қайғысын өз көзімен көріп, жүрегімен сезді. Осының әсері болса керек, «Соғыстың апаты» атты гравюрасы мен «1808 жылдың 2 мамыры» және «1808 жылдың 3 мамыры» атты екі картинасы дүниеге келді. 

Шамамен 1820 жылдары Гойя Мадрид маңындағы үйінің қабырғасын көркемдеп фрескалар салады. Бұл туындылар халық арасында "Қара картиналар" деген атпен танымал.

1824 жылдары Испаниядағы түрлі саяси оқиғалар әсерінен Гойя Францияға көшіп кетті. Тек екі жыл өткен соң ғана Мадридке қайта оралды.

Талантты суретші 1828 жылдың 16 сәуірінде Бордо елді мекенінде дүние салды.  

Сурет: belcanto.ru