- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Даналықтың белгісі......
Даналықтың белгісі...
Өмір атты даңғыл жолда түрлі қиындықтар мен ауыртпашылыққа ұрынбау мүмкін емес. Бірақ бақытты адамдар мен бақытсыз жандардың айырмашылығы сол қиындықтарды қалай жеңіп, қалай құтылғандығында.
Осы орайда назарларыңызға планетамыздың данышпандары айтқан кейбір қызықты пікірлерді ұсынамыз.
- Мен үшін даналық әлемнің бар байлығынан да қымбат. Демокрит
- Ақылды жан қанша жақсылық қылса, оны жұртқа жайып, мақтануға құлықсыз болады. Қайта ондай жандар істеген жақсылықтарының жұртқа белгілі болып қалуынан қорқып жүреді. Лао-Цзы
- Кез келген сәтте ақылмен іс істеу үшін жауыңды назарыңнан шығарып алма. Джордж Сэвил Галифакс
- Адамзат баласа данышпандарға өте бай. Солардың айтқан насихатын еппен пайдалана білелік. Геродот
- Дана сөздерді тек санасына сәулесі бар адам ғана түсініп біле алады. Эсхил
- Әдемілік пен даналықтың кілті - шынайылық. Максим Горький
- Көп білген адамды данышпан демейді. Пайдалы ілімі көп адамды ғана даналар қатарына жатқызуға болады. Эсхил
- Данышпан дегеніміз өз-өзін таныған, бөтенмен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйренген, ойлау жүйесі дамыған адам. Али Апшерони
- Ақылды адам кез кезген нәрсенің шегін біледі. Және ешқандай істе шектен шықпайды Али Апшерони
- Данышпандық - ғылымдардың ішіндегі ең нақтысы. Аристотель
- Ақыл алтыннан да қымбат нәрсе. Бірақ адам бойындағы әділеттілік, ар-ұждан, шыншылдық ақылдан да қымбаттырақ. Али Апшерони
- Ақылды адам ойын жария қылмастан бұрын, пікірін бірнеше рет тексеріп шығады. Генрих Гейне
- Адам өз ақыл-ойын дамытып, әрекет қылмаса, даналыққа жетуі мүмкін емес. Демокрит
сурет: marina-dorih.ru