- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Чеховтың қанатты сөздері...
Чеховтың қанатты сөздері
Оқырмандарға 19 ғасырдың ұлы тұлғасы, жазушы, драматург, 40 жылдық өмірінде орыс халқының мақтанышына айналып үлгерген Антон Павлович Чехов айтқан қанатты сөздерді ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
- Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.
- Халыққа жаны ашымаған адам өлікпен тең.
- Кез келген көркем туынды белгілі бір ойды жеткізу мақсатында жасалуы тиіс.
- Адал еңбек етпей, қуаныш пен шаттықтың тәтті дәмін сезіну қиын.
- Өнері жоқ адамды дарынсыз деуге болмайды. Бойындағы өнерін мақтан үшін пайдаланатын адамды дарынсыз деу керек.
- Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.
- Отбасылық өмірдің басты біріктірушісі - махаббат.
- Адам баласы барлық жағынан әдемі болуға талпынуы керек. Келбеті де, киімі де, жаны да, ойы да таза әрі әдемі адам кез келгенді еліктіртіп тұрады.
- Арақ ақ болғанымен, арға дақ түсіреді.
- Тәрбие көрген адам бөтенді сыйлап, құрмет тұтып тұрар. Бұндай азаматтар жұмсақ әрі сыпай болар.
- Жанашыр адамдарың бар болса, қиын сырқаттың өзін ауырсынбауға болады.
- Ұжданы бар адам иттен де ұялады.
- Жеке тәжірибеден артық мектеп жоқ. Көзбен көріп, қолмен ұстап көргенге не жетсін?!
- Жеке бастың қамы үшін жұмыстанғаннан гөрі, ұрпағың үшін еңбек еткейсің.
- Өмірден үлес алғың келсе, бөтеннің пікірі мен сөзіне тәуелді болуды қой. Көзсіз сенімнен гөрі, өзің ізденіп, жұмбақтардың жауабын өзің табуға тырыс.
- Зұлымдық ұсақтықтан туады.
- Біреуді сүйіп, өзің біреуге сүйкімді болғаннан артық қандай бақыт бар?
- Өтірік айтуға үйір болу - нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.
сурет: english.ruvr.ru