- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Чарли Чаплиннің өмір...
Чарли Чаплиннің өмір жолы
Ардақты оқырмандарымызға 20 ғасырдың әйгілі актері Чарли Чаплин туралы әңгімелеп бермекпіз.
Чарльз Спенсер Чаплин 1889 жылдың 16 сәуірінде эстрада актерлерінің отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы Еуропа мен АҚШ-тың ортасында дүбірлетіп жүріп концерт қоюды кәсіп қылып, ақша тауып жүрді. Бірақ күннің бір күнінде Чарлидің әкесі дауысын айырылып, соның қайғысынан спирттік ішімдікке салына бастады. Ақыры не керек, қу арақ оның да түбіне жетіп, өлтіріп тынды. Көп ұзамай анасының да уақыты келіп, ол да о дүниеге аттанып кете барды.
Осылайша ағайынды Чарли мен Сид тағдырдың айдауымен ақша табу үшін ел кезіп кетті. Көпшіліктің алдында пантомима көрсетумен айналысып жүрген Чарли бұл кәсібін де, мектептегі оқуын да тастап, жан бағудың басқа әдісін іздеуге көшті.
Осылай ел-жұрттан жұмысқа алуын сұрап, тіленіп жүрген кезде, Чарлидің бағы жанып, театрға актер ретінде жұмысқа тұрды. 14 жасар, хат танымайтын Чарлз ағасы Сидтің көмегімен ұзақ текстерді жаттап жүрді. Жиырмасыншы ғасырдың басы әлемдік киноиндустрияның жаңа ғана дамып келе жатқан кезі еді. Осы тұста сол кезеңдегі кинорежисерлердің Чарлиге көзі түсіп, оны бірнеше фильмде ойнауға шақырды. Алғашында жай ғана актер болып жүрген ол кейін өзі де кино түсіріп, туындыларын халыққа ұсынды. 1917 жылы First National Pictures киностудиясы актермен 1 миллион долларға келісім-шартқа отырды. Осылай Чарли кино тарихындағы ең қымбат актер атанды. Айта кетелік, ол замандарда фильмдер дыбыссыз болатын.
Чарлидің кең шалбар, үлкен аяқ киім киген персонажы әлі күнге дейін халық арасында сөз болып, ел есінде осы күнге дейін сақтаулы екендігі белгілі болып жүр. Қазіргі замандағы киноиндустрияның бағыты сәл басқаша болса да, Чарлидің есімі тарих беттерінде, әлбетте, мәңгі сақталады.
Өмірінде төрт рет отбасы құрған ол артына 11 бала қалдырып кетті.
Чарли Чаплин 1977 жылдың 25 желтоқсанында, 88 жасқа келіп дүниеден өтті.
сурет: livejournal.ru