Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Нобель сыйлығының иегері, талантты британдық жазушы Бернард Шоудың (1856-1950) қанатты сөздерін ұсынамыз.
Осы айдың аяғында мен 56 толамын. Бірақ мен әлі есеймегенімді байқап жүрмін. Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс. Өз қорқынышының құлы болудан артық қорлық жоқ. Тірлікте қорқатындарға ғана қатер келеді. Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады. Ұстамдылық - адам бойындағы ең асыл қасиет. Білім алудың ең оңтайлы жолы - сол салада жұмыс істеу. Бұзылған адамдар -жүрегінде махаббат оты жоқтар. Өмірдің шын қуанышы пайдалы іспен айналысып, өмірде өз орныңды таба білу. Әр адам өзінше ойлап, кез келген нәрсеге өз көзімен қарауға құқылы. Адам баласы еңбексіз өлікке айналады. Жастық - тірліктің ең үлкен сыйы. Бұл сыйды ерекше ұқыптылықпен пайдалана білелік. Менің өмірдегі ең басты саясатым - таспен ұрғанды аспен ұру. Менің ұстазым - өмірде жасаған қателіктерім. Кекшілдің - қорқақтың ісі.cурет: guardian.co.uk