- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Бала тәрбиелеудің сыры...
Бала тәрбиелеудің сыры неде?
Құрметті Массагеттіктер! Біріміз бала тәрбиелейтін жасқа келіп қалсақ, біріміз осы жауапты іске дайындалып жүрген шығармыз. Осыны ескеріп, назарларыңызға бала тәрбиесі туралы кейбір қызықты ойларды жиып-теріп ұсынып отырмыз.
- Жас балаларға үш нәрсені үйрету керек: жігіттік парыз, жігіттік жауапкершілік, жігіттік ар-намыс. Василий Александрович Сухомлинский
- Көпшілігіміз бала тууын туамыз. Бірақ адам жасап шығару туралы аса ойланбауымыз мүмкін. Олай болса, өз амбициямызды былай қоя тұрып, сәбилерімізді жарқыраған күндей етіп тәрбиелеуге бар күшімізді салалық. Максим Горький
- Таза, ашық, жайнаған балалық шақтың өкілдерін құрметтей білелік. Януш Корчак
- Үлкендер сәбилерге ренжімеуі керек. Бұл оларды жөндеудің орнына, кері кетіріп, бұза түседі. Януш Корчак
- Сәбидің сізге ерекше махаббатпен қарауын талап қылып, іздейтініңізді сезінсеңіз, сіз ана болуға дайынсыз. Василий Александрович Сухомлинский
- Балаға еркіндік беріңіз. Жан-дүниесі мен сезімдерін еркін айта алмайтын сәбиден жақсы адам өсіп шықпайды. Василий Александрович Сухомлинский
- Балалар қызыққа, әдемілікке, ойынға, музыкаға толы ертегілер әлемінде өмір сүруі керек. Василий Александрович Сухомлинский
- Баланы жақсылап тәрбиелеудің басты жолы - жақсы үлгі көрсету. Сондықтан жақсылыққа талпынып, өзіңізді жетілдіруге тырысыңыз. Лев Николаевич Толстой
- Балалық шақ - жүректі тәрбиелеудің ең басты кезеңі. Василий Александрович Сухомлинский
- Отбасылық өмірдің басты міндеті мен қызметі - бала тәрбиелеу. Тәрбиенің ең дұрыс құралы - ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы. Василий Александрович Сухомлинский
- Баланы тәрбиелеуді қиын көретіндердің міні мынада. Ол адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге құлықсыз. Лев Николаевич Толстой
- Бала тәрбиелеу - шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу. Лев Николаевич Толстой
- Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек. Антон Павлович Чехов
- Отбасы балалардан басталады. Александр Иванович Герцен
- Кез келген бала ештеңе білмей туады. Біздің мақсатымыз - оларға пайдалы білім беру. Екінші Екатерина
сурет: childnmom.ru