- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Авраам Линкольннің қанатты...
Авраам Линкольннің қанатты сөздері
Оқырманның назарына Американың он алтыншы президенті, публицист Авраам Линкольннің ел арасында кеңінен танымал қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Егер маған бір кісі ұнаса, міндетті түрде онымен танысуға тырысамын.
- Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?
- Адамзат баласының ұлы ойларының қоймасы - кітап.
- Бірен саран адамды өмір бойы алдап өтуге болады. Бірақ халықты өмір-бақи алдап өмір сүру мүмкін емес.
- Пайдасыз, баянсыз нәрсеге ұмтылып, өміріңді босқа кетірме.
- Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын.
- Тағдырдың қиыншылықтарына кез келген адам төтеп бере алады. Адамды шын сынағың келсе, оған билік бер.
- Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.
- Еркін, өз еркімізбен істелген жұмыстан ғана бір нәтижеге жете аламыз.
- Билікке жай ғана атақ үшін ұмтылу еш пайда бермейді. Тіпті сол таққа жеткен күннің өзінде, мақсатсыз, құр мақтан адамға рухани тыныштық әпере алмайды.
- Өзімнің атамның уақытында кім болып, не жетістікке жеткенін білмеймін. Мені одан гөрі ұрпағымның халі қызықтырады.
- Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес.
- Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады.
- Халыққа шындықты айту арқылы түрлі алапаттардан құтқара аламыз.
- Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.
- Мен жаманшылық қылсам, өзімді жайсыз сезінемін. Жақсылық қылсам, рахат күй кешемін. Міне, менің дінім.
- Өмірдің ең тәтті қызығы - адал достарыңның көп болуы.
сурет: collectpics.com