Атақты кәсіпкерлердің ұлы сөздері

Атақты кәсіпкерлердің ұлы сөздері

Массагет сайты бұдан бұрын да әлем тарихындағы ұлы адамдардың өмір жайлы айтқан цитаталарын назарларыңызға ұсынған болатын. Ал енді біз сізге әрбір адамды рухтандыратын атақты кәсіпкерлердің сөздерін ұсынбақпыз. Біз іскерлік қабілеті мен кәсіпкерлік рухының арқасында адамзат баласының өміріне айтарлықтай үлес қосқан тұлғаларға тоқталамыз.

«Бизнес әлемінде табыстың тек екі ғана түрі бар: ақша мен тәжірибе. Бірінші кезекте тәжірибе жинаңыз, ал ақша кейінірек келеді». Гарольд Генин, ITT Corporation-ның бұрынғы жетекшісі.

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады». Генри Форд, американдық өнеркәсіпші, Ford компаниясының негізін салушы. 

«Мен жақсы жалақы төлемеймін, себебі менің ақшам көп; менің ақшам көп, себебі мен жақсы жалақы төлеймін». Роберт Бош, неміс өнеркәсіпшісі, инженер, өнертапқыш. 

«Егер сіз табысты адам болғыңыз келсе, жүрегіңіз бизнесіңізде, ал бизнесіңіз жүрегіңізде болуы қажет». Томас Дж. Уотсон, IBM компаниясының бұрынғы президенті.

«Басы істейтін» адамдарды жалдап, оларға не істеу керек екенін айтатын болсаңыз, оның ешқандай мәні жоқ. Біз «басы істейтін» адамдарды бізге не істеу керек екенін айтулары үшін жалдаймыз». Стив Джобс, Apple корпорациясының негізін салушы.

«Жақсы шешім – тәжірибенің нәтижесі. Ал тәжірибе – нашар шешімдердің нәтижесі». Уолтер Ристон, Citicorp жетекшісі.

«Егер менде мың идея болып, олардың тек біреуі ғана жемісті болса, ол менің сәттілігім». Альфред Нобель, швед инженері, химигі, үлкен бизнесмен.

«Айтқан істі орындамайтын және айтқан істен артық ештеңе жасамайтын адам ешқашан жоғары көтерілмейді». Эндрю Карнеги, американдық кәсіпкер, мультимиллионер.

«Егер сіз жасай аламын деп есептесеңіз, сіз – жасай аласыз. Бірақ, сіз жасай алмаймын деп ойласаңыз, демек сіз жасай алмайсыз». Мэри Кей Эш, Mary Kay Cosmetics компаниясының негізін салушы, ХХ ғасырдағы ең табысты бизнес-ледилердің бірі.

«Ысырапшылдық - қазалы күнә»Ингвар Кампрад, IKEA-ның негізін салушы.

«Бизнесте табысқа жету жолы - креативтіліктен туатын инновацияда»Джеймс Гуднайт, американдық зерттеуші, кәсіпкер, SAS компаниясының негізін салушы және жетекшісі.

«Жауапкершілік - адамдар жалпы ережеден ақылды ерекшелік жасай білулері үшін өмір сүріп келеді». Элтинг ЭМорисон, тарихшы.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: manager-magazin.de

Ж. FM