Артур Шопенгауэр - 12 ғасырда өмір сүрген неміс халқының ойшылы.
Бұл кісі 1788 жылдың 22 ақпанында Франкфурт қаласында дүниеге келген. 1799 жылы Рунг қаласындағы жеке меншік гимназияға оқуға түсіп, білім алуға кіріседі. Бұл мектептің ол кезеңдерде атақ-абырйы ерекше еді. Екінің бірі оқи алмайтын бұл оқу орнында оқитындардың басым бөлігі байлардың ұл-қыздары еді.
Осылайша 1805 жылы Артур жергілікті бір кеңсеге жұмысқа тұрып, тірлігін жалғастыра береді. Тап осы кезде белгісіз себептермен әкесі дүние салады.
Дәрігерлікті армандаған Шопенгауэр 1809 жылы осы мамандыққа жоғарғы оқу орнына түседі. Дегенмен бұл ғылымға ықылас-ниетінің, ебінің жоқ екендігін байқаған соң, оқуын тастап, философия факультетіне ауысады. Артурдың философиядағы алғашқы қадамдары осы кезден бастау алған еді.
Оның шығармашылығына келетін болсақ, ойшыл неміс романтизміне ерекше көңіл бөлгендігін баса айтқымыз келеді. Сонымен қатар, мистикаға да қызығып зерттеген. Канттың, шығыс ойшылдарының философиясына құрметпен қараған. Тіпті Канттың бірер шығармасын француз тіліне аударғысы келіп, талпыныс та жасап көрді.
Шопенгауэрдың түсініктері туралы айтып көрелік. Жалпы бұл кісі жұртшылыққа пессимст философ ретінде танымал. Оның бұндай атқа қалуының басты себебі - "Біздің әлем барлық әлемдердің ішіндегі ең нашары" деген сөз еді. Дүниенің ұлы ғалымдары өмірге күліп қарап, оптимисттікке тәрбиелесе, бұл кісі олай ойламағанға ұқсайды.
Тіпті оның мінез-құлқы да оның пессимист болғандығын айғақтаса керек. Шопенгауэр адамға сенімсіздікпен қарайтын, сараң, қатал, тік, кінәмшіл адам ретінде танылған.
сурет: portraits2null.blogspot.com